Әбіш Кекілбаев өмірден озды

Әбіш Кекілбаев өмірден озды
Фото: massaget.kz

Бүгін 11 желтоқсан күні Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері Әбіш Кекілбайұлы дүниеден озды.

Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылы 6 желтоқсанда  Маңғыстау облысы, Оңды ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі (1993-195), Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1994-1995), Қазақстан Республикасының алғашқы Мемлекеттік хатшысы (1996-2002), Парламент Сенатының депутаты (2002 жылдан) қызметін атқарды.

Ол өмір жолында Отан ордені, Достастық ордені, Назарбаев ордені, Құрмет белгісі орденденрімен марапатталған. Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның Еңбек Ері атанған.

Қазақ әдебиетінде өшпес із қалдырып, қайталанбас туындылар жазған тұлғасын халқы ешқашан ұмытпайды. Массагет ұжымы елдің ұлы болған тұлғаның өмірден өткеніне күңірене, күллі қазақ жұртына көңіл айтады.

Г. Берік