Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Тағзым / Белгілі дәрігер-хирург Нұртас Кәкімжанұлы дүниеден озды

Белгілі дәрігер-хирург Нұртас Кәкімжанұлы дүниеден озды

Белгілі дәрігер-хирург Нұртас Кәкімжанұлы дүниеден озды

Кеше, 2012 жылдың 5 тамызында Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Орталық Клиникалық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі ақ халатты абзал жан Нұртас Кәкімжанұлы Қазыбаев 54 жасқа қараған шағында мезгілсіз дүниеден өтті.

Нұртас Қазыбаев белгілі журналист, көрнекті қайраткер Кәкімжан Қазыбаев жанұясында дүниеге келген. Алматы медицина институтын үздік аяқтаған соң, Мәскеудегі Вишневский атындағы Хирургия Институтына клиникалық ординатурасына оқуға жіберіледі. Мәскеуде атақты хирург Виктор Иванұлы Стручковтан дәріс алады. Өз естелігінің бірінде Нұртас Кәкімжанұлы «Үздік мектептен білім алған мына мен жолы болғыш жандардың бірімін» деген еді.

Кандидаттық диссертациясын қорғағаннан кейін жас маман Алматы қаласына оралып, орталық клиникалық аурухананың жедел хирургия бригадасына дәрігер болып жұмысқа орналасады. Бұл қызмет қажырлы еңбек пен үлкен шыдамдылықты талап етеді. Жас дәрігер тәулігіне 15-20 операция жасап, талай жандардың өмірін сақтауда аянбай тер төкті. Өз ісіне жауапты әрі ұқыпты қарайтын ол әр науқасқа қамқорлық танытып, мейірімін сыйлай білді.

1995 жылдың аяғында қолы алтын дәрігерді Совмин ауруханасына (Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Орталық Клиникалық ауруханасының) хирургия бөлімінің меңгерушісі қызметіне шақырды. 1996 жылдан бастап, ғұмырының соңына дейін Нұртас Кәкімжанұлы хирургия бөлімінің меңгерушісі болып, мыңдаған науқастың өмірін сақтап, дертінен айығуына жол ашты.

Дәрігердің емін қабылдаған жандардың барлығы оның жүрегінің кеңдігін, өзгерлерге жасаған қамқорлығын, өз ісіне адалдығын алға тартып, «Алтын қолды дәрігер» деп атайды. Денсаулығын қалпына келтіріп, өмірін сақтағаны үшін мыңдаған науқас Нұртас Кәкімжанұлына қарыздар екенін айтып, толассыз алғыстарын білдіреді.

Қамшының сабындай қысқа ғұмыр кешкен Нұртас Кәкімжанұлы әу бастан өзі үшін емес, өзгелер үшін өмір сүргендей. Халықтың бақытты әрі сау болатынына сенетін. Арман-мақсаттарын өз тәжірибесінде қолданып, өзгелердің денсаулығын түзетіп, оларды бақытты етуге ұмтылатын.

«Massaget.kz» порталының ұжымы Нұртас Кәкімжанұлының мезгілсіз дүние салуына байланысты марқұмның отбасы мен ағайын-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. 

2233 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 08 тамыз 2012, 10:24
Пікірлер
+0
06 тамыз 2012, 10:37

иманды болсын...

+0
06 тамыз 2012, 10:38

Иманы саламат болсын! Қайғыға ортақтасып, қалың көпшілікпен бірге көңіл айтамын. "Жақсы адамдар жазда өледі" деген рас-ау. Жаны жәннатта болсын!

+0
06 тамыз 2012, 10:41

иманды болсын

+0
06 тамыз 2012, 11:03

Рамаазан айында жан тапсырғандар жәннатқа барады деп жатушы еді үлкендер, Жаны жәннатта болсын!

+0
06 тамыз 2012, 11:09

Иманды болсын!

+0
06 тамыз 2012, 11:13

арты қайырлы болсын! жаны жәннатта болсын!

+0
06 тамыз 2012, 14:46

Қабірі жарық болсын! Аллаһ жанын жәннаттан етсін

+0
06 тамыз 2012, 15:41

Иманды болсын...

+0
06 тамыз 2012, 16:59

жатқан жері жайлы болсын

+0
06 тамыз 2012, 17:00

Бұл дүниеден кімдер өтпеген! Жаны жәннатта болғай. Марқұмның жақындарының қайғысына ортақпын.

+0
06 тамыз 2012, 17:09

иманды болсын

+0
08 тамыз 2012, 18:20

Нұртас аға өмірде сондай жайдарлы жан еді. Талай адамның өмірін құтқарған дәрігерден айырылу орны толмас өкініш... Жаны жәннатта болсын!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...