Әдебиетші ғалым Тұрсынбек Кәкішев дүниеден озды

Әдебиетші ғалым Тұрсынбек Кәкішев дүниеден озды
Фото: tn.kz

Белгілі әдебиетші, ғалым, сыншы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Тұрсынбек Кәкішев дүниеден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Тұрсынбек Кәкішев 1927 жылы 15 тамызда Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Берлі аулында дүниеге келген. 1950 жылы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 1960 жылы Қазақ КСР ҒА Тіл және әдебиет институтының аспирантурасын тәмамдаған. Әдебиетші ғалым, сыншы. Филология ғылымының докторы (1972), профессор (1973), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1979), академик.

1944-1945 жылдары Ақмола облыстық Қазақ драма театрының актері, "Лениншіл жас" ("Жас Алаш") газетінде бөлім меңгеруші, 1950-1958 жылдары Партия тарихы институтында кіші ғылыми қызметкер, 1960-1968 жылдары Қазақ КСР ҒА-ның Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер. 1968 жылдан КазМУ-де аға оқытушы, доцент, профессор, филологияның сырттай (1978-1985), күндізгі (1985-1986) факультеттерінің деканы, көп жыл осы университеттің филология факультетінде "Қазақ әдебиетінің тарихы мен сыны" кафедрасының меңгерушісі болған.

Қазақстан Жазушылар одағының Сәкен Сейфуллин атындағы сыйлығының иегері. Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының құрметті академигі, Халықаралық Айтматов академиясының академигі. "Парасат" орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

Е. Қанатбек