- Негізгі бет
- Тағзым
- Мәскеуде ақын Тұрсынай...
Мәскеуде ақын Тұрсынай Оразбаева өмірден өтті
Қазақтың ақын қызы Тұрсынай Оразбаева өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ақын Маралтай Райымбекұлы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Айта кетейік, Тұрсынай Оразбаева халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының, "Тәуелсіздіктің 10 жылдығы" мерекелік медалінің иегері, Саха-Якутия Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Тұрсынай Оразбаева 1950 жылы 19 ақпанда еліміздің оңтүстік өңіріндегі Сайрам ауданына қарасты "Қайнарбұлақ" ауылында туған. Еңбек жолын Шымкенттегі Шанин атындағы Облыстық қазақ драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болып бастаған. Облыстық радио комитетінде және "Оңтүстік Қазақстан" газетінің редакциясында әдеби қызметкер болып істеген.
Сонымен қатар, Оразбаева Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген. Кейін Қазақ радиосының әдеби-драмалық хабарлар бас редакциясында редактор болған, Мәскеуде жоғары әдебиет курсында оқыған. 1997 жылдан бастап Мәскеудегі Халықаралық Жазушылар одағының қауымдастығында қазақ әдебиеті бойынша кеңесші қызметін атқарды. Бүгінде он шақты кітаптың авторы атанған ақынның әр жылдары жарық көрген "Таң шапағы", "Іңкәр жүрек әуені", "Гүлсезім" сияқты жинақтары бар.
М. Бисембаева