- Негізгі бет
- Тағзым
- Батырхан Шүкенов Отанында...
Батырхан Шүкенов Отанында жерленеді
Әйгілі әнші Батырхан Шүкеновтың мәйітін Алматы қаласына алып келеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасай отырып. Бұл туралы аталған ақпараттық портал тілшісіне жақын рейстердің бірімен Мәскеуге ұшып кеткен әншінің бауыры Бауыржан Шүкенов хабарлаған екен. Естеріңізге сала кетсек, әнші 29 сәуірге қараған түні өз пәтерінде жүрек талмасынан қайтыс болған.
Ол Батырхан Шүкеновтың соңғы уақытта денсаулығының сыр беріп жүргендігін айтып шағымданғандығын баяндады. «Дәл қазір осы мәселені … реттеп жатыр. Осында алып келеміз. Алайда мұның қалай жүзеге асатындығын әзірге білмеймін. Бұл - оның пәтерінде болған оқиға. Директорының да сол пәтерде тұратыны жақсы болған. Жедел жәрдем шақырған екен, міне... Соңғы кездері өзі де денсаулығының сыр беріп жүргенін айтушы еді. Өзін қинап жіберген де болар», - деді қайтыс болушының ағасы. (Алматы әуежайында тұрып, көз жасын әрең тыйды).
Батырхан Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылордада дүниеге келген. Өзінің мансап жолын әнші Роза Рымбаеваның саксафоншысы болудан бастаған. 1988 жылы "Джулия" хитін халыққа паш ектен А'Студио тобының фронтмені болып сайланған. Алла Пугачеваның «Рождестволық кездесулерінен» кейін халықтың көзайымына айналады. «Ақ өзен», «Тоқта, түн», «Махаббат сарбазы», «Жаздың жылы кештері», «Сүйгенім емес» сынды композицияларын барша халық сүйіп тыңдайды.
Massaget.kz ұжымы Батырхан Шүкеновтың өмірден озуына байланысты барша қазақ жұртына, отбасына қайғырып көңіл айтады...
Қ. Бүйенбай