Әмірхан Балқыбек өмірден озды

Әмірхан Балқыбек өмірден озды

Ақын, талантты публицист, әдебиетшi-ғалым Әмірхан Балқыбек арамыздан мезгілсіз бақиға аттанды.

Әмірхан Балқыбек – 1969 жылы 19 мамырда Жетісай ауданына қарасты Ленин атындағы ұжымшарда туған. 1986 жылы Шардара каласындағы М. Әуезов атындағы орта мектепті бітіріп, 1987-89 жылдары әскерде болды. Әскерден оралған соң Шардара аудандық "Өскен өңір" газетінде тілші болды. 1990 жылы әл-Фараби атындағы Қазақтың мемлекеттік ұлттық университетіне оқуға түседі. 1995-2000 жылдары республикалық "Парасат", "Жас алаш", "Ана тілі" басылымдарында қызмет атқарды. Әмірхан Балқыбек Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Әдебиет саласы бойынша екі рет (1997, 1998) Президент стипендиясын иемденген. Сонымен қатар, «Метамарфоза» (1996), «Сынған сәуленің шағылысуы» (2001), «Қасқыр құдай болған кез» (2008) кітаптарының авторы.

Арда ұлдың қазасына аяқ асты жүрегінің тоқтауы себеп болды дейді ақынның достары.

Қазақтың маңдайына сыймай кеткен ерен қуатты жүректің қазасына қайырлы болсын айтамыз!

"Массагет" ұжымы

M. Auelkhan