Блейк Лайвли - "ең сәнқой сұлу"

Блейк Лайвли - "ең сәнқой сұлу"

Жақында Ұлыбританияда қызық сауалнама жүргізілді. Ағылшын сұлулары әлемдік шоу-бизнес пен кино саласында жүрген ең сәнді жұлдыздардың атын атады.

Бір қызығы, бұл жолы Герцогиня Кэтрин көлеңкеде қалып, көпшілік күткендей және мамандардың шешімі бойынша Америка актрисасы Блейк Лайвли "ең сәнқой сұлу" атағын жеңіп алды.

Британ бикештері Герцогиня Кэтриннің шын мәнінде де қарапайым әрі кері тарта беретін қасиетін алға тартып, аталған номинацияны бергілері келмегенін мойындаған. Керісінше, американ сұлуының барлық саладағы біліктілігі мен тапқырлығы, ең бастысы, сәнқойлығы назардан тыс қалмаған.

Айтпақшы, үздіктер қатарына енген жұлдыздар: Рианна, Бейонсе, Рита Ора мен Сара Джессика Паркер.

сурет:danibak.blogspot.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига