- Негізгі бет
- Тұлға
- Роза Рымбаева Италия...
Роза Рымбаева Италия сән үйінің брендіне айналды
Жақында Роза Рымбаеваның жеке коллекциясы еліміздегі сауда орталықтарында пайда болады. Оған дейін қазақтың примадоннасы фотосессия және жарнама роликтерімен айналысуда.
"Көктем-жаз" коллекциясы аналар мен бойжеткендерге арналған. Рымбаеваның қызы болып оның жеке стилисі Әсия Бүрлібаева ойнайды. Жарнама роликтерінде әнші өзінің жасы 56-да екенін жасырмай айтады. Роза Рымбаева «Бұл киімдер қазақ менталитетіне толықтай сәйкес келеді әрі жасқа да, кәріге де киюге болатыны маған ұнайды» дейді.
Сонымен қатар, еліміздің халық әртісі батыстық киім брендтерін ұнататынын да жасырмады. Ал келешекте ол өзінің жеке брендін жасамақшы екен. Италия сән үйінің брендіне айналуы оның осы бағыттағы алғашқы қадамдары болып саналған.
Роза Рымбаева, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері:
- Қазақстандық дизайнерлерге тек сахнаға шығатын киімге тапсырыс беретінмін. Ал күнделікті өмірде өз әл-ауқатыма байланысты батыстық шопингті қолданамын. Менің қазіргі статусым Миланның сауда үйлеріне баруға мүмкіндік береді.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: Александр Палатовский
А. Құлтай