Балалары үшін Анжелина Джоли кинодан кетпек

Балалары үшін Анжелина Джоли кинодан кетпек

Актриса өзінің бар уақытын отбасына арнағысы келеді.

Атақты Голливуд жұлдызы Анжелина Джоли ресми түрде кино саласынан жырақтайтынын және отбасына көңіл бөлетінін хабарлады. 37 жастағы актриса Брэд Питпен бірге алты баланы өсіріп отыр. 

"Балаларым өсіп, ер жетісімен-ақ мен өнердегі карьерама нүкте қоямын. Олар өскенше ата-ана мейірімі мен қамқорлығын қажет етеді. Бар уақытымды перзенттерімнің тәрбиесіне арнауға бел будым. Кино саласынан алыстасам да, мен отбасымда бақытты ана болып жүре беремін", -дейді Анжелина Джоли.

 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: goroskop.ru, livestory.com.ua

А. Әбілхан