Time: "Жыл адамын" өзің таңда

Time: "Жыл адамын" өзің таңда
Фото: vk.com

Бір ғасырлық тарихы бар аса беделді Time басылымының жыл сайын өз рейтингін ұсынып отыратыны баршаға мәлім. Бірақ биылғы "Жыл адамын" таңдау ерекше болғалы отыр. Себебі, кімнің осы атаққа лайық екенін әлемдегі әр адам өзі шешсе болады.

Сонымен, кандидаттар қатарында сириялық күрдтер, футболист Мохаммед Салах, жазушы Маргарет Этвуд, эко белсенді Грета Тунберг, актер Киану Ривз, Фиби-Уоллер Бридж, АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленский бар.

Гонконг белсенділері

Дауыс бергісі келгендер әр кандидат суретіне "лайк" немесе "дислайк" қойып шыға алады. Жоғарыда аталған адамдар журнал ұжымы ұсынып отырған кандидаттардың толық тізімі емес, оларға қоса Amazon негізін қалаушы Джефф Безос, Гонконг белсенділері, "Тақтар ойынының" авторлары мен актерлері, әнші Тейлор Свифт, Меган Маркл, Ким Чен Ын, рэпер Карди Би мен Владимир Путин де бар. Әзірге осылардың ішінде Гонконг белсенділері озып тұр.

Сонымен, "Жыл адамын" таңдауға өз үлесіңізді қосқыңыз келсе, осы сілтемеге өтіңіз.

А. Оралқызы