Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Жетістікке жеткің келсе...

Жетістікке жеткің келсе...

Жетістікке жеткің келсе...

Жетістікке жетудің баршаға айқын бір ғана жолы анықталса, миллиардерлер, ғалымдар не әлемді өзгертушілердің саны әлдеқайда жоғары болар ма еді?! Біреу күні-түні еңбектеніп, енді бірі өзін дамытуға күшін аямай жетістікке жетіп жатады. Дегенмен соларды біріктіретін 5 әдет бар. 

1. Жұмысқа қатысты емес кітап оқу

Картинки по запросу Reading of books

Кітап оқудың пайдасы көп екені бәрімізге белгілі. Кітап оқымайтын миллиардер жоқ. Бай болғысы келетін әрбір адам кітаптың қандай құндылығы бар екенін жақсы түсінеді. 

Инженер әрі кәсіпкер, түрлі ғаламдық идеялардың авторы Илон Маск кітап оқығанды жақсы көреді. Тіпті, бос уақытының 80% кітап оқуға жұмсайды екен. Rolling Stone журналына берген сұқбатында Илон Маск: "Мені кітап тәрбиеледі. Бірінші – кітап, одан кейін барып ата-анамның тәрбиесін көрдім", - деген.

2. Комфорт аймағынан шыға білу

Картинки по запросу comfort zone

Қолымнан келмейді деген істі бастап, соңына дейін жеткізуге тырысып көріңіз. Бұл сіздің дамуыңызға әсер етеді. Әйтпесе бойыңызды қорқыныш билеп, бір істі бастауға деген ынтаңыз жоғалады.

Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукерберг путунхуа (қытай тілінің диалектісі) тілін үйрену үшін бірнеше жыл уақытын жұмсаған. Бастапқыда қиын болғанымен жас миллионер діттегінен жетті. Қазір ол путунхуа тілінде жап-жақсы сөйлейді.

3. Спортпен шұғылдану

Картинки по запросу training animation

"Бай адамдардың әдеттері" кітабының авторы Том Корли қаржылық жетістікке жеткен адамдардың басым көпшілігі спортпен айналысуды әдетке айналдырғанын байқаған. Мысалы, Опра Уинфри, Шерил Сэндберг және Ричард Брэнсон күніне бір-екі сағат міндетті түрде физикалық жаттығу жасайды екен.

Том Корли жүгіру не жаяу жүруді әдетке айналдырған, аэробикалық спорт түрлерімен шұғылданатындардың IQ көрсеткіші, жігері, өзіне деген сенімділігі және физикалық күш-қуаты өзгелерге қарағанда әлдеқайда жоғары болатынын дәлелдеген.

4. Көмек қолын созу

Картинки по запросу Help

Жалғыз өзім жетістікке жетемін деу – қателік. Жетістікке жеткен адамдар көмектің маңыздылығын жақсы түсінеді.

Microsoft-тың негізін қалаушы Билл Гейтс, оның жұбайы Мелинда және ірі инвестор Уоррен Баффет 2010 жылы "Сыйға беру анты" кампаниясын бастады. Бұл қатарға кірген әрбір азамат табысының кемінде жартысын қайырылымдылыққа жұмсауға уәде береді. Бастысы - сіздің қанша қаржы бергеніңіз емес, ниетіңіз.

5. Жиі серуендеу

Картинки по запросу walk

Америкалық психологиялық қауымдастығы таза ауада серуендеудің пайдасын зерттеген. Компьютер алдында ұзақ қауып тапжылмай жұмыс істейтін кеңсе қызметкері болсаңыз - күніне бірнеше рет сыртқа шығып, серуендеуді әдетке айналдырыңыз.

Ірі Virgin Group компаниясының басшысы Ричард Брэнсон былай дейді: "Таза ауада серуендеу – жұмысқа кірісудің, шешім қабылдаудың және келіссөз жасаудың ең қысқа жолы". Расында, кеңседен бірер сәтке сыртқа шығып, таза ауамен демалып қайту, миыңыздың жұмысын жақсартып, жаңа идеяларды пайда болуына септігін тигізеді.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: freepik.com
Қосылған күні: 22 сәуір, 16:12

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.