Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Әлемдегі ең биік мүсін тұрғызылды

Әлемдегі ең биік мүсін тұрғызылды

Әлемдегі ең биік мүсін тұрғызылды

Үндістан үкіметі Вардора қаласының маңында Гуджарат штатындағы жасанды көлге елдің ұлт көсемдерінің бірі, қоғам қайраткері – Валлабхаи Пательдің құрметіне арнап мүсін тұрғызып жатқандығы туралы жазған едік. Әлемнің ең биік ескерткіші - Бірлік мүсінінің салтанатты ашылу рәсімі сәрсенбі күні өтті. Іс-шара NDTV арқылы тікелей эфирден көрсетілді.

Оның биіктігі – 182 метр. Астындағы тұғыртасымен қоса есептегенде биіктігі 240 метрді құрайды. Бұл Нью-Йорктағы "Азаттық" мүсінінен екі есе биік болса, қазіргі күндегі ең биік мүсін қытайдың Хэнань провинциясындағы 128 метрлік Буддадан 54 метр биік болады. 

Патель 1875 жылы 31 қазанда Үндістанның Надияад қаласында дүниеге келді. Жоғары мектепті бітіргеннен кейін заң факультетін тәмамдап, қорғаушы болып жұмыс істей бастады. 1900 жылдан бастап,1910 жылға дейін Годхра мен Балсад қалаларында қылмыстық істер бойынша қорғаушы болды, осы кезеңде Патель Үндістанның ең танымал және табысты адвокаттарының бірі еді. 1910 жылы Лондонға барды.

1913 жылы Валлохайма Үндістанға қайтып келіп, Ахмедабад қаласында заңгер қызметін атқарды. Оның тұлға болып қалыптасуына Махатма Гандидің тигізген әсері өте зор. Патель Махатманың Үндістанның тәуелсіздікке жетуіне деген ұмтылысын қолдады және Гандидің адал ізбасары болды. 

Бұл мүсіннің құрылысына Үндістан үкіметі 430 миллион доллар жұмсаған. Үндістанның премьер-министрі Нарендра Модидің айтуынша, ескерткіш Үндістанның халықаралық беделін арттырып, туристерді Гуджарат штатына тартады. Нодидің өзі жобаға 34 миллион доллар қаржы бөлген. Құрылысқа 5700 тонна болат пайдаланылған. Мүсінде көрмелер залы, мұражай, 153 метр биіктікте тамашалау алаңы болады. Мүсін жағалаудан 3,5 шақырым қашықтықта орналасқан.

0
Рейтинг: +0

Фото: pinterest.es
Қосылған күні: 01 қараша 2018, 13:18

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.