Билл Гейтс: Масс-медиа — шынайы өмір емес

Билл Гейтс: Масс-медиа — шынайы өмір емес
Фото: forbes.ru

Билл Гейтс өзінің өмірлік сабақтарымен жиі бөлісіп, ұтымды ойларын халыққа жиі жеткізеді. Соның ішінде жалынды сөндірмейтін нақыл сөздер де бар.

1. Өмір кейде әділетсіз. Дегенмен, онда тұрған ешнәрсе жоқ. 

Өмір тәжірибесінде барлығы сіз ойлағандай нашар емес. Мен өмірдің әділетсіз екендігіне кейде қуанамын. Өйткені, кейде менің айналамдағылардың қолында бар нәрсе керек емес. Біздің ұғымымыздағы әділеттілік –әрбір адамның тең мүмкіндікке, құқыққа, сыйластыққа ие болуы. Яғни, маған керек болмаса да, көршімнің затын сұрай аламын. Бірақ,ол ақылға қонымсыз.

Әркімнің өз жолы бар. Тек соның артынан еруден жасқанба.

2. Әлем сенің өзіңе деген бағаң қызықтырмайды, әлем өзіңді күшті санайтындай жетістікке жеткеніңді күтеді. 

Өзін-өзі бағалау – бұл мақсат емес, істің салдары. Өз бағаңды көтеру мақсатында тынымсыз жұмыс істеудің қажеті жоқ. Тек өзіңнің ісіңді тауып, еңбегіңмен көзге түссең, айналаңдағы адамдардың саған деген бағасы арта бастайды. Нәтижесінде, өзіңнің алдындағы құнын артады. 

3. Жұмыстың үлкен-кішісі болмайды. 

Мектеп кезінде оқушылардың миына мінсіз болашақ пен байлық пен қазынаға қол жеткізу үшін тек бастық болу керек деген тұжырымды сіңіріп тастайды. Мұның кесірінен жұмыстың кішісі, лайықты емесі сынды ойлар туады. Даяшы болу, жеткізу қызметін атқаруды адам атауына лайықты көрмейді. 

Кез келген жұмыс – өзіңді көрсетуге үлкен мүмкіндік алаңы. Егер бургер дайындауға ерінсең, неге саған компанияның менеджері қызметін сеніп тапсыруы тиіс? 

4. Мектепте үздіктер мен аутсайлерлерді бөлуді тоқтатуы мүмкін, ал өмірде олай болмайды

Мектептегі сол бөліну үрдісін тоқтату үшін баға қойылмайтын бағдарламалар жасақталып, емтиханды қайта тапсыру мүмкіндігі туып, әр түрлі әрекеттер жасалып жатыр. Бірақ, өмірдің өз заңы бар. Адамдар оның алдында әлі де әлсіз. Өмірде әрқашан жеңімпаздар болады. Оны өзгерту мүмкін емес. 

5. Масс-медиа — шынайы өмір емес.

Өмір кофеден, саяхаттан, әдемі дүкендерден тұрмайды. Ол тек теледидар мен  Instagram желісінде ғана. Өмірде бәрі басқаша. Бір нәрсеге қол жеткізгің келе ме? Кофені таста, пәлсапа жазуды тоқтат, жұмыс істе.

Т. Есқали