Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Гогольдің басы

Гогольдің басы

Гогольдің басы

Ең танымал мистик, сөз зергері Николай Гоголь туралы аңыз-әңгімелер мен алып-қашпа сөздер өте көп таралған. Солардың бірі оның бас сүйегі ұрлануына қатысты аңыз. "Вий" повесі мен "Өлі жандар" сияқты мистикалық шығармаларды өмірге әкелген жазушы ғұмырының соңында "Өлі жандар"-дың екінші кітабын өртеп жіберген көрінеді. Оның себебін әлі күнге дейін ешкім түсіндіріп бере алмайды. Тағы бір аңыздарға қарағанда, жазушы шығармашылықтан бөлек, сиқырмен де айналысқан. 1931 жылы қабірін ашқан кезде оның бас сүйегі жоқ болып шығуының бір себебін сонымен байланыстырады. 

Ежелгі халықтың наным-сенімінде адамның рухы қайта сол тәнге кірмеу үшін марқұмның денесін бөлек-бөлек жерлеген. Ең бастысы, басы бөлек болуы керек екен. Сиқыршылар осыған қатты сенген.

Қайта көмілген тарих 

Николай Васильевич Гоголь 1852 жылы 21 ақпанда қайтыс болды. Ол Қасиетті "Свято-Данилова" ғибадатханасының зиратына жерленді. 1931 жылы кәмелетке толмағандарға арналған түрме салынуы үшін оның аумағындағы зираттар қайта қазып алына бастады. Гогольдің қабірін ашқанда көптеген танымал жазушылар болған, қабір ашылғанда жазушының басы жоқ болғаны туралы бірқатар жазушылар кейін айтып та өтті. Осылай оны Новодевичье зиратына бассыз жерлеген.

Жазушының табынушыларының бірі Сталин болған. Гогольдің бас сүйегінің жоқ екенін диктаторға хабарлағанда, Сталин ұрыларды тез арада тауып жазалауды тапсырған. Оның үстіне Сталин үш жылдан соң КСРО көлемінде Гогольдің мерейтойын атап өтпекші еді. Сүйікті жазушысының басы жоқ болып шығуы оған жай оғындай тиген.

Көп ұзамай қылмыскер табылды. Бірақ ол бұл өмірден өтіп кеткен болып шығып, Сталиннің темір тырнағына ілікпеді. Қылмыскер барлық сырды (бас сүйектің қайда екендігін) өзімен бірге қабіріне алып кетті. Тергеудің құпиялары әлі де ФҚҰ (ФСБ) мұрағаттарында сақтаулы. Біз қолда бар мәліметтерді пайдалана отырып жазушының басы қайда кеткені туралы ізденіп көрейік.

 Гогольдің ауруы 

Бұл туралы орыс зиялы қауымы мен баспасөзі жарыса жазды. Жазып та келе жатыр. Белгілі сыншы, жазушы Амангелді Кеңшілікұлы "Гогольдің өлімі" атты шығармасында оның сырқаты туралы егжей-тегжейлі айтып өткен. Гогольдің өліміне оның ішқұса болып, санасын сайтан иектеген қоғамға өпкелеп жүріп, "Өлі жандардың" екінші томын өртеп жібергені себеп болған. Анығында жазушының өлімі туралы Амангелді Кеңшілікұлы былай дейді: "Жазушы өмірінің соңындағы жан азабына үңілсеңіз "Өлі жандарын" отқа жағу арқылы, абайсызда сайтанның тұзағына ілініп қалғанын оның өзі де сезінгенін аңғарасыз. "Өлі жандардың" екінші кітабын өз қолымен отқа жағып жібергеннен кейін Гоголь түк нәр татпай, ешкіммен сөйлеспей, бүк түсіп жатып алыпты.

... 1845 жылы мынадай өтініш жазып кетіпті. Бұл Гогольді қоғам әлі жынды деп жариялай қоймаған, өлерінен алты жыл бұрын жазған өтініші-тін. "Есімнен танбай және ақылымнан адаспай тұрған кезімде, соңғы өтінішімді ертерек жазып кетуді жөн санадым. Мүрдем иістене бастамайынша, менің тәнімді жер қойнына тапсырмаңыздар. Мұны естеріңізге салып отырған себебім, ауруым ұстағанда өмірлік белгілерім жоғалып, жүрегім мен тамырымның тоқтап қалған кездері болған". (Н.В.Гоголь. Толық томдық шығармалар жинағы. Мәскеу. Көркем әдебиет баспасы. 6-шы том, 187-ші бет).

... Елдің арасында айтылып жүрген түрлі әңгімелердің шын-өтірігін тексеру мүмкіншілігі 1931 жылы туды. Себебі сол жылы жазушының сүйегін Новодевичье зиратына қайта жерлеу туралы ұйғарым жасалады. Құдай сақтасын! Мына сұмдықты қараңыз! Гогольдің сүйегіне көртергеу (эксгумация) жасау барысында кебіні жыртылып, табыты тырналып тасталынғаны және марқұмның бүк түсіп жатқаны анықталады". 

Шынында да Гогольдің бірнеше күн тұрмай ұйықтап қалатын ауруы болған. Жазушы өмірінің соңғы төрт жылын Мәскеуде Никитск бульварындағы үйінде өткізген. Қоғамға өкпелеп жүрген жазушыны ескі ауруы соңғы уақытта қайта-қайта мазалаған. Бір күні жұманың сенбіге қараған түнінде (8-9 ақпан) ол қатты ұйықтап біртүрлі дыбыстарды естіген. Ертеңіне шіркеудегі әулие әкейді шақырып, болған жайды баяндайды. Шіркеу қызметкері оның шаршап жүргенін, көбірек азықтану керектігін айтып, тамақ бермек болады. Бірақ жазушынының ештеңеге зауқы соқпаған. 17 ақпан дүйсенбі күні ұйқыға жатқан Гоголь қайта оянбаған. Сол уақытта, Мәскеуде Гогольдің ауру екені туралы сөздер желдей есіп жүрді. 19 ақпан күні дәрігер Тарасенков жазушыны көруге келгенде оның үйі оқырмандарына толы болған. Сонымен жазушыны қайта оянбағасын 21 ақпан күні таңғы сағат сегіздер шамасында қайтыс болды деп жариялайды.
 
Жазушының өсиеті орындалған. Тіпті ол қайтыс болғасын 3 күн емес, бір жеті өткеннен кейін жер қойнына тапсырылған. Латергиялық ұйқыға кеткеннің өзінде 1 аптада оянуы керек-тін. Жазушы мүмкін жауһар шығармасын өртеп жіберуін көтере алмаған болуы керек. Сайтан-қоғамның жын-ойнағына өкпелеп жүріп, қателік жасап қойғанын, әлі бүлінбеген жүрегі көтере алмаған. Сонымен Гоголь жерленгенде тірі болды ма, өлі болды ма? Қабірін ашқанда оның бүк түсіп жатқаны, табытты тырнап тастағаны туралы аңыз қаншалықты шындыққа жақын? 
 
Гогольді жерлегенде тірі болған ба?
Әлі күнге дейін жазушыны жерлегенде тірі болды дейтіндер бар. Бұл туралы мүсінші, Гогольдің бет пішінін алып қалған Николай Рамазановтың хатында былай делінеді: "Мен өз қолыммен Гогольдің бет пішінінің көшірмесін гипспен алып жатқанда, жазушы достарына жазып кеткендей, ешқандай да летаргияның белгісін көрген жоқпын. Бетперде дайын болғанан соң оның өмірге қайта келмейтініне анық көзім жетті. Ол ұйқыға кеткен болатын. Тек бұл қайта оянбайтын мәңгілік ұйқы еді", – дейді. 
Ескерткіш пен қабір
Жерлеу рәсімінен кейін көп ұзамай жазушының қабіріне көрнекті православиялық крест қойылды. Оны Гогольдің досы Сергей Тимофеевич Аксаковтың ұлы Константин Аксаков Қырымнан, Қара теңіз жағалауынан Мәскеуге арнайы алдырған. Крестке Иса Мәсіхтің айқышқа шегеленген бейнесі түсірілген. Қабірдің үстіне қара мәрмәрдан тас қойылып, оған қасиетті кітаптан алынған "Горьким словом моим посмеюся" деген сөз қашап жазылған. Кейін Сталиндік дәуірде басына қайтадан өзінің мүсінімен безендірілген үлкен ескерткіш қойылды. 

Гогольдің басын ұрлау операциясы 
Лидиннің айтуына қарағанда, 1909 жылы меценат, театр мұражайының негізін қалаушы Алексей Александрович Бахрушин (ресейлік саудагер, өндіріс-кеңесші, филантроп, театрлық антикалық коллекционер, жеке әдеби және театр мұражайының авторы) көр қазушыларға қомақты қаржы беріп, үгіттеп Гогольдің басын алып келуге көндірген. Ондағы мақсаты Театр мұражайында қайталанбас көрме ұйымдастыру болған.
Шынында да оның мұражайына үш бас сүйек алып келінген. Оның бірі актер Щепкин, екіншісі Гоголь, үшіншісі белгісіз бір бас сүйек болған. Осыдан соң Бахрушиннің жұмысы жүрмей қойған. Бас сүйектер бақытсыздық әкелді деп есептеген меценат оларды таратып жіберген. Ал Гогольдің басын немерелеріне қайтып берген деген де мәлімет бар. Кейбір деректерде коллекционерде 40 бас сүйек болғаны айтылады. Оның бәрін коллекционер Ресей Ғылым Академиясына тапсырған екен. Ал Гогольдің басын алып қалып, сырты қымбат былғарымен тысталған, жиегі піл сүйегімен безендірілген арнайы қобдишада сақтапты. Мұның рас-өтірігін ешкім білмейді. Себебі Бахрушин құпияны 1929 жылы өзімен бірге қабірге алып кетті. 

Михаил Булгаков кейінірек "Мастер және Маргарита" романында басқарма төрағасы Массолит Берлиоз табытынан басының ұрланғаны, оның басын Патриархтың тоғанындағы трамвай дөңгелектерімен кесілгенін жазып, Гогольдің басы ұрланғаны туралы параллельді түрде тұспалдап айтып кетті. Бұл туралы "Гогольдің басы" атты роман жазған жазушы Анатолий Королев та атап өтті.

Түйіннің бір ұшы шықты. Жоғарыдағы мәліметтерді негізге ала отырып айтатын болсақ, Гоголь жерленгеннен кейін адамдар айтып жүргендей оянбаған. Табыттағы тырнақ ізі, оның бүк түсіп жатуы ұрылардан қалған белгі. Бұл сөздермен келісу-келіспеу еркіңізде. Біз тек қолда бар мәліметтерді негізге ала отырып, қорытынды шығарып отырмыз. Бәлкім, мүлде керісінше, ол жерленгенде тірі болып қиналған болуы да мүмкін, бәлкім, оның басын қара сиқырмен айналысқаны үшін қайтып келуін қаламаған сиқыршылар кесіп алып кетуі де ғажап емес. Бұл шиырланған жолдың қайсысына түссеңіз де ол сізді Гогольдің басына алып барады. 

 
Бас сүйек туралы аңыз ізімен
Тағы бір деректерге қарағанда, Гогольдің туысы, Ресей империясының флотында қызмет ететін лейтенант Яновский (аты аталмайды) бас сүйектен хабардар болғасын, бір топ қарулы әскермен келіп, Бахрушинге бас сүйекті бермесең атып тастаймын деп қорқытып алып, оны Италияғадағы орыс елшілігіне беріп жіберген екен.
 
Оқиға былай болған: 1908 жылы Ресейлік матростар Мессинадағы жер сілкінісінде зардап шеккендерге көмектескен. Италия үкіметі бұл көмекті жолғары бағалап, орыс эскадрилиясын салтанатты кешке арнайы шақырған екен. Міне, осы сәтті пайдаланып Яновский де барған. Неге екені белгісіз бұл жолы басты Орыс елшілігіне берудің сәті түспеген. Кейін 1911 жылдың көктемінде ресейлік тараппен келісім бойынша, италиялық крейсерлер Қырым сайлауында өлтірілген отандастарының қалдықтарын алып кетуге Севастопольге келеді. Яновский италиялық капитаннан бас сүйекті Римдегі орыс елшісіне беруді, олар бас сүйекті діни ғұрыппен арулап жерлеуін сұрайды. Бұл жауапты міндет Бергозе деген кеме басшысына жүктеледі. Бірақ ол елшілікке бірден жете алмаған, кейін ашық мұхитқа басқа тапсырмамен шығып, "Гогольді" үйіне тастап кеткен екен.
1911 жылдың жазында капитанның кіші інісі, Рим университетінің студенті жаңадан, сол заманның технологиясының жетістігі ретінде жасалған пойызбен достарымен саяхатқа шығады. Бұл өте ұзын туннельге арналған Римдік экспресс пойызының танымал экскурсиясы еді. Достарымен ойнағысы келген жас жігіт пойыз қараңғы туннельге кірерде Гогольдің басы салынған қорапты ашқан. Кенет пойыз ішінде дүрбелең басталып, адамдар пойыздан секіре бастаған. Бергозенің інісі де пойздан секіріп түсіп қалғанымен, бас сүйекті өзімен бірге алып түсе алмаған. Осылай пойыз жоғалып кеткен. Анығы тұманға сіңіп кеткен. Аңыз бойынша елес-пойыз әлі де анда-санда көрініп тұрады екен. Оны көрген жұрт жымиып қараған Гогольдің басынан зәресі қалмай талай қорыққан...
 
Бәлкім біздің аңыз деп даурығып жүргеніміз әлгі Томас Майн Ридтің шығармасындағыдай болып жүрмесін. Неге екенін білмеймін Гогольдің басы атты аңыз "Бассыз шабандоз"-дағы Генриді еске түсіреді. Аңыз деп жүргеніміз Кольхаун сынды қарапайым оқиға болып шығуы да мүмкін. Бәрі де мүмкін... Тек, тірісінде мистикалық шығармалар жазып кеткен жазушының арғы дүниеге аттанғаннан кейін де ғасырлап өтіп, ізінен мистикалық аңыздар еруі әділ сияқты көрінеді.
2
Рейтинг: +5

Фото: tv3.ru
Қосылған күні: 10 тамыз, 16:56
Пікірлер
+0
10 тамыз, 17:37

Қандай әдемі, қандай құнды материал. Тек бір жақты емес, жан-жақты көрсетіп, болжам болса да келістіріп отырып берген екен. Сен жазбағанда мұны кім жазады, Абыз?! Кейде саған қызығам, автор! себебі сен оқып тастаған 1000 кітаптың ішінде, мақала қылып беруге 100 000 материал бар ғой... Авторға респект, браво!!!

+0
10 тамыз, 18:02

Рахмет Марго!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.