Ең танымал мистик, сөз зергері Николай Гоголь туралы аңыз-әңгімелер мен алып-қашпа сөздер өте көп таралған. Солардың бірі оның бас сүйегі ұрлануына қатысты аңыз. "Вий" повесі мен "Өлі жандар" сияқты мистикалық шығармаларды өмірге әкелген жазушы ғұмырының соңында "Өлі жандар"-дың екінші кітабын өртеп жіберген көрінеді. Оның себебін әлі күнге дейін ешкім түсіндіріп бере алмайды. Тағы бір аңыздарға қарағанда, жазушы шығармашылықтан бөлек, сиқырмен де айналысқан. 1931 жылы қабірін ашқан кезде оның бас сүйегі жоқ болып шығуының бір себебін сонымен байланыстырады.
Ежелгі халықтың наным-сенімінде адамның рухы қайта сол тәнге кірмеу үшін марқұмның денесін бөлек-бөлек жерлеген. Ең бастысы, басы бөлек болуы керек екен. Сиқыршылар осыған қатты сенген.

Қайта көмілген тарих
Николай Васильевич Гоголь 1852 жылы 21 ақпанда қайтыс болды. Ол Қасиетті "Свято-Данилова" ғибадатханасының зиратына жерленді. 1931 жылы кәмелетке толмағандарға арналған түрме салынуы үшін оның аумағындағы зираттар қайта қазып алына бастады. Гогольдің қабірін ашқанда көптеген танымал жазушылар болған, қабір ашылғанда жазушының басы жоқ болғаны туралы бірқатар жазушылар кейін айтып та өтті. Осылай оны Новодевичье зиратына бассыз жерлеген.
Жазушының табынушыларының бірі Сталин болған. Гогольдің бас сүйегінің жоқ екенін диктаторға хабарлағанда, Сталин ұрыларды тез арада тауып жазалауды тапсырған. Оның үстіне Сталин үш жылдан соң КСРО көлемінде Гогольдің мерейтойын атап өтпекші еді. Сүйікті жазушысының басы жоқ болып шығуы оған жай оғындай тиген.
Көп ұзамай қылмыскер табылды. Бірақ ол бұл өмірден өтіп кеткен болып шығып, Сталиннің темір тырнағына ілікпеді. Қылмыскер барлық сырды (бас сүйектің қайда екендігін) өзімен бірге қабіріне алып кетті. Тергеудің құпиялары әлі де ФҚҰ (ФСБ) мұрағаттарында сақтаулы. Біз қолда бар мәліметтерді пайдалана отырып жазушының басы қайда кеткені туралы ізденіп көрейік.
Гогольдің ауруы
Бұл туралы орыс зиялы қауымы мен баспасөзі жарыса жазды. Жазып та келе жатыр. Белгілі сыншы, жазушы Амангелді Кеңшілікұлы "Гогольдің өлімі" атты шығармасында оның сырқаты туралы егжей-тегжейлі айтып өткен. Гогольдің өліміне оның ішқұса болып, санасын сайтан иектеген қоғамға өпкелеп жүріп, "Өлі жандардың" екінші томын өртеп жібергені себеп болған. Анығында жазушының өлімі туралы Амангелді Кеңшілікұлы былай дейді: "Жазушы өмірінің соңындағы жан азабына үңілсеңіз "Өлі жандарын" отқа жағу арқылы, абайсызда сайтанның тұзағына ілініп қалғанын оның өзі де сезінгенін аңғарасыз. "Өлі жандардың" екінші кітабын өз қолымен отқа жағып жібергеннен кейін Гоголь түк нәр татпай, ешкіммен сөйлеспей, бүк түсіп жатып алыпты.

... 1845 жылы мынадай өтініш жазып кетіпті. Бұл Гогольді қоғам әлі жынды деп жариялай қоймаған, өлерінен алты жыл бұрын жазған өтініші-тін. "Есімнен танбай және ақылымнан адаспай тұрған кезімде, соңғы өтінішімді ертерек жазып кетуді жөн санадым. Мүрдем иістене бастамайынша, менің тәнімді жер қойнына тапсырмаңыздар. Мұны естеріңізге салып отырған себебім, ауруым ұстағанда өмірлік белгілерім жоғалып, жүрегім мен тамырымның тоқтап қалған кездері болған". (Н.В.Гоголь. Толық томдық шығармалар жинағы. Мәскеу. Көркем әдебиет баспасы. 6-шы том, 187-ші бет).
... Елдің арасында айтылып жүрген түрлі әңгімелердің шын-өтірігін тексеру мүмкіншілігі 1931 жылы туды. Себебі сол жылы жазушының сүйегін Новодевичье зиратына қайта жерлеу туралы ұйғарым жасалады. Құдай сақтасын! Мына сұмдықты қараңыз! Гогольдің сүйегіне көртергеу (эксгумация) жасау барысында кебіні жыртылып, табыты тырналып тасталынғаны және марқұмның бүк түсіп жатқаны анықталады".
Шынында да Гогольдің бірнеше күн тұрмай ұйықтап қалатын ауруы болған. Жазушы өмірінің соңғы төрт жылын Мәскеуде Никитск бульварындағы үйінде өткізген. Қоғамға өкпелеп жүрген жазушыны ескі ауруы соңғы уақытта қайта-қайта мазалаған. Бір күні жұманың сенбіге қараған түнінде (8-9 ақпан) ол қатты ұйықтап біртүрлі дыбыстарды естіген. Ертеңіне шіркеудегі әулие әкейді шақырып, болған жайды баяндайды. Шіркеу қызметкері оның шаршап жүргенін, көбірек азықтану керектігін айтып, тамақ бермек болады. Бірақ жазушынының ештеңеге зауқы соқпаған. 17 ақпан дүйсенбі күні ұйқыға жатқан Гоголь қайта оянбаған. Сол уақытта, Мәскеуде Гогольдің ауру екені туралы сөздер желдей есіп жүрді. 19 ақпан күні дәрігер Тарасенков жазушыны көруге келгенде оның үйі оқырмандарына толы болған. Сонымен жазушыны қайта оянбағасын 21 ақпан күні таңғы сағат сегіздер шамасында қайтыс болды деп жариялайды.
Ескерткіш пен қабірГогольдің басын ұрлау операциясы

Михаил Булгаков кейінірек "Мастер және Маргарита" романында басқарма төрағасы Массолит Берлиоз табытынан басының ұрланғаны, оның басын Патриархтың тоғанындағы трамвай дөңгелектерімен кесілгенін жазып, Гогольдің басы ұрланғаны туралы параллельді түрде тұспалдап айтып кетті. Бұл туралы "Гогольдің басы" атты роман жазған жазушы Анатолий Королев та атап өтті.
Түйіннің бір ұшы шықты. Жоғарыдағы мәліметтерді негізге ала отырып айтатын болсақ, Гоголь жерленгеннен кейін адамдар айтып жүргендей оянбаған. Табыттағы тырнақ ізі, оның бүк түсіп жатуы ұрылардан қалған белгі. Бұл сөздермен келісу-келіспеу еркіңізде. Біз тек қолда бар мәліметтерді негізге ала отырып, қорытынды шығарып отырмыз. Бәлкім, мүлде керісінше, ол жерленгенде тірі болып қиналған болуы да мүмкін, бәлкім, оның басын қара сиқырмен айналысқаны үшін қайтып келуін қаламаған сиқыршылар кесіп алып кетуі де ғажап емес. Бұл шиырланған жолдың қайсысына түссеңіз де ол сізді Гогольдің басына алып барады.

1911 жылдың жазында капитанның кіші інісі, Рим университетінің студенті жаңадан, сол заманның технологиясының жетістігі ретінде жасалған пойызбен достарымен саяхатқа шығады. Бұл өте ұзын туннельге арналған Римдік экспресс пойызының танымал экскурсиясы еді. Достарымен ойнағысы келген жас жігіт пойыз қараңғы туннельге кірерде Гогольдің басы салынған қорапты ашқан. Кенет пойыз ішінде дүрбелең басталып, адамдар пойыздан секіре бастаған. Бергозенің інісі де пойздан секіріп түсіп қалғанымен, бас сүйекті өзімен бірге алып түсе алмаған. Осылай пойыз жоғалып кеткен. Анығы тұманға сіңіп кеткен. Аңыз бойынша елес-пойыз әлі де анда-санда көрініп тұрады екен. Оны көрген жұрт жымиып қараған Гогольдің басынан зәресі қалмай талай қорыққан...