Митио Каку: "Жақын болашақтағы ең негізгі технология – жасанды сана"

Митио Каку: "Жақын болашақтағы ең негізгі технология – жасанды сана"
Фото: tomshw.it

Бұл жазбамызда әлемдегі танымал футуролог, физик "Физиканың болашағы", "Сана болашағы" т.б кітаптардың авторы Митио Какудың Петербургде болып өткен халықаралық эканомика форумында жасаған баяндамасынан кейбір үзінділер беріп өтетін боламыз. Бұл баяндамада жақын болашақта адамзат қандай дәрежеде өзгеріп кететіндігі айтылады.

Мен түрлі каналдар "BBC", "Discovery" және басқалар үшін әлемдегі 300-ден артық ғалымдардан сұқбат алдым. Біз бірлесіп алдағы 20, 50 және 100 жылда болашақ қалай өзгеретіні, ғылым мен техниканың күші нелерге жететінін білуге тырыстық. Бүгін мен осылар туралы айтып өтетін боламын. Жақын болашақтағы ең негізгі технология – жасанды сана. Бұдан басқа биотехнология мен нанотехнологиядағы жаңа өнертабыстар болашағымызды кәдімгідей өзгертіп жібере алады.

Жасанды интеллект, роботтар және оларды қолдану тәсілдері  

Қазіргі күнде хирургтер "ақылды көзілдіріктер"-ден пайдаланып оталар жасай алады. Оған рентген, МРТ, науқастың ауру тарихын жүктеуге болады. Жақын күндері олар интернет арқылы байланыста бола алады. Оның қандай істеуіне интернеттен керекті мағлұматтарды алып, дәл медициналық кеңес бере алатын “Robodoc”  бағдарламасын мысал етсек болады. Бұл бағдарлама дәрігер жұмысымен бірге науқастардың да мәселесін шешіп бере алады. Болашақта бұл айтып отырғанымыздың бәрі де керек болмай қалады. Сіз денсаулығыңызға қатысты мәселелерді "ақылды сағат" немесе "ақылды көзілдірік"-пен ақылдасасыз. Және мұның бәрі тегін болады.

Эвалюция медицинада ғана емес құқықтануда да болады. Мысал үшін сіз Еуропаның үлкен қаласында жолда кетіп бара жатып жол апатына ұшырап қалдыңыз. Тілді, жергілікті заңды білмейсіз, сізге адвокат керек. Ал болашақта мұндай жағдайда қол сағатыңызбен ақылдасып  “Глобал адвокат” деп аталатын арнайы сайттан кез-келген тілде керекті мәліметті алатын боласыз. Бұл ресурс бүкіл әлемдегі заң туралы құжаттарға кіру мүмкіндігін беріп, өзіңізге пайдалы кеңестерді ала аласыз. Компьютерлер мен роботтардың мұндай көмегі барлық жерде жүзеге асырылатын болады. Мысалы, олар ғимараттар салу мен университетте сабақ беруде де көп көмегін тигізеді.

Бүгінгі күнде біз – стол компьютерлері, смартфон, планшет және ноутбук бір сөзбен айтқанда түрлі гаджеттерден пайдаланамыз. Көп түрлі құрылғылар не үшін керек? Болашақта экран көлемімен ғана айырмашылығы болатын құрылғылардан пайдаланамыз. Болашақта біз бейімделуде чиптер көмегіне жүгінеміз. Сіз смартфоныңызды қалаған жағыңызға бұрып, мәтін теріп қайтадан орнына бұрып қоюыңызға болады. Телефон ғана емес мысалы қабырға түсті қағаздары да ақылды болады. Бүгінгі күнде олар ескіріп қалса не істейсіз? Көп болса ауыстырарсыз. Ал болашақта бәрі басқаша болады. Сіз қабырға қағаздарымен байланыста болатын боласыз және жасанды сана арқасында ол сізге пайда әкеледі. Мысалы, сіз таңғы сағат төртте көкірек тұсыңыздағы қатты аурудан оянып кеттіңіз дейік. Не істейсіз? Не болып жатқанын түсінбейсіз. Бәлкім инфарктың белгілері шығар әлде түнде тамақты көп жеп қойған шығарсыз. Бәрі де мүмкін. Не істеу керек?! Жедел жәрдемге қоңырау шалу керек шығар? Бәлкім дәрі ішу керек шығар! Болашақта мұндай мәселелер туындамайтын болады. Болашақта сіз осындай жағдай туындайтын болса қабырғаға жақындайсыз да оған: "Мені Robodoc-пен байланыстыр" дейсіз. Бітті! Ары қарай мәселеңіз өз-өзінен шешілетін болады.

2020 жылда-ақ жүргізушісіз машиналардан пайдалануға болады. Машинаны қалай басқару тіпті қай жерде тоқтау керегі туралы бас қатырмайсыз. Сіз оған "тоқта" деп айтсаңыз болды. Алдағы уақытта көпшілік машина сатып алмайды. Олар машинаны жалға алатын болады. Меніңше, робототехника көлемі жағынан автомобиль өндірісін де артта қалдырады. Машинаңыз алдағы уақытта роботқа айналады. Сіз онымен сұқбаттасасыз, ақылдасасыз, күн үшін түрлі жоспарлар түзесіз. Тағы бір қыры: уақыт өте машиналар ұшуды да үйренеді.

Роботтар еңбек нарығын қалай өзгертеді

Әрине, бұл өзгерістер еңбек нарығына әсер етеді. Кейбір кәсіптер жоғалып кетеді. Роботтар бір әрекетті қайталап істейтін мамандардың орнын басады. Бүгінде брокер, есепші, кассир болып жұмыс істейтіндер болашақта басқа кәсіп іздеуіне тура келеді. Заңгерлікпен айнасысатын компанияларда адвокаттың көп санды ісін қарайтын көмекшілері керек болмай қалады. Мұны компьютерлер орындайды. Ал роботтар адвокаттардың орнын баса алмайды. Себебі адамдармен сұқбаттасу роботтардың қолынан келе бермейтін іс.

Робот пен жасанды санада 3 шектеу бар. Біріншісі – адамдармен ынтымақтастық. Сұқбаттасу, сенімді ара-қатынасқа қатысты кез келген іс адамды қажет етеді. Екіншісі – түрлі үлгілер мен модельдерді анықтау. Мысалы робот алдында орындық тұр. Ол орындықтың квадрат немесе үшбұрышты екенін анықтай алады. Бірақ орындықтың не үшін қажет екенін білмейді. Сондықтан роботтарға «орындықты» түсіндіретін бағдарламалар жасау қажет. Үшіншісі һәм маңыздысы – ой. Роботта ол жоқ. Мысалы сіз судың құрғақ болмайтынын, ана қызынан жас жағынан үлкен болатынын жақсы білесіз. Бұлардың бәрі ой арқылы сізге белгілі. Ал, роботта ой жоқ. Тіпті, бес жастағы бала да роботтан жақсы пікірлей алады.

Бұл еңбек нарығында нені білдіреді? Роботтар туралы сөз болғанда адамдардың айтып жүрген пікірлерін емес. Көпшілік не үшін екенін білмеймін қоқыс жинаушылар өз жұмыстарынан бірінші боп айрылады деп есептейді. Бұл дұрыс емес. Шындығында робот қоқысты басқа предметтерден ажырата алмайды. Бағбандар да жұмыссыз қалмайды. Себебі роботтар ненің әдемі, ненің әдемі емес екендігін түсінбейді. Тағы олар полияцияшылардың орнын баса алмайды.  

Бұл деген сөз адамзат болашақта екі салада жұмыс істей алады дегені: біріншісі роботтар орындай алмайтын төменгі дәрежедегі жұмыстар. Екіншісі интеллектуалды капитал. Интеллектуалды капитал дегеніміздің өзі не?! Бұл логика, көшбасшылық дағдылары, инновациялар, шығармашылық. Роботтарда бұл қабілеттердің ешқайсысы жоқ. Тони Блэр айтқандай, Англия рок-н-ролдан көмір өндірісіне қарағанда көптеу пайда көреді. Себебі, көмір бұл – тауар. Оның нарқы өзгереді, түсіп кетуі де мүмкін. Рок-н-ролл болса интеллектуалды капитал көмегінде жасалған өнім. Ол үнемі тұрақты.

(жалғасы бар)

Т. Раушанұлы