- Негізгі бет
- Тұлға
- Мұқағали Мақатаев: 87...
Мұқағали Мақатаев: 87 жыл – 87 дерек
Алатаудың бөктерінде туған қазақтың ақыны Мұқағали Мақатаев өмірге келгеніне биыл 87 жыл болады. Ақынның артында қалған аты да, хаты да өлмейді. Халықтың сүйіктісіне айналған, лирикалық өлеңдердің патшасы ақын туралы аз-кем біліп жүру керек 87 сұрақтың басын біріктіріп, жауап бердік.
1. Мұқағали Мақатаевтың әжесі:Тиін
2. Мұқағали Мақатаев анасын қалай атаған: Нақа (жеңге)
3. «Аққулар ұйықтағанда», «Қырандар, хош болыңдар!» қай уақыт аралығында жазылған: 1972 жылы 31 қыркүйек – 9 қазан
4. «Мұқағали мұрасы, сұлулық үлгісі біздің бүгінгі игілігіміз ғана емес, Мұқағали мұрасы, маржан поэзиясы – болашақ ұрпақтардың да еншісі, қастерлеп-қадірлейтін қазынасы», – деген ойдың авторы: Зейнолла Серікқалиев
5. Ақынның «Райымбек, Райымбек» поэмасы қай кезде жазылды: 1970 жылы күзде
6. 1969 жылы 14 маусымда Мұқағалидың бір топ өлеңдері қайда жарияланды: «Қазақ әдебиетінде»
7. Мұқағали Мақатаевтың жарының аты-жөні: Лашын Әзімжанқызы
8. Мұқағали жары Лашынмен қай жылы отау құрған: 1949 жылдың 30 наурызында
9. Ақын өзінің күнделігін қай жылдар аралығында жазған: 1972-1976 жылдар аралығында
10. 1973 жылы Мұқағали қандай оқу орнында оқыған: М. Горький атындағы әдебиет институтында
11. «Мен елу жылдық тойымды көре алмаймын. Мені жоқтатпа, сен өзің кеткенше азық болатын дүние жазып кеттім, соған ие бол! Қысылмассың! Өзіңе-өзің мықты бол». Ақын бұл сөздерді кімге айтқан: Жары Лашынға
12. Ақынның неше баласы бар: 5 баласы бар, екеуі – ұл, үшеуі – қыз (Майгүл деген қызы ерте қайтыс болған)
13. Мұқағалидың әкесінің есімі: Сүлеймен
14. 1954 жылы «Әдебиет және искусство» журналының 6-санында ақынның қандай өлеңдері жарияланған: «Әке туралы сөз», «Біздің жақтың іңірі», «Хат»
15. Дүниеден өтер алдында жазған толғау өлеңі: «Моцарт. Жан азасы» реквиемі
16. Мұқағали шығармалары қандай тілдерге аударылған: Орыс, қырғыз, өзбек, ағылшын, қытай, түрік, неміс.
17. 1999 жылы ақынның қандай кітабы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды: «Аманат» атты кітабы
18. «Райымбек, Райымбек» поэмасы 1981 жылы қай газетте жарыққа шықты: «Лениншіл жас»
19. Мұқағали өлеңдеріне ән жазған сазгерлер: Н. Тілендиев, Д. Рақышев, Ш. Қалдаяқов, І. Жақанов, А. Қоразбаев, Т. Рахимов, М. Рүстемов, Т. Мұхамеджанов, Ә. Тінәлиев, Б. Оралұлы, Т. Досымов
20. Ақын қай жерде дүниеден өтті: Алматы қаласында
21. Ақынның туған жерінде мұражай қай жылы ашылды: 1991 жылы
22. Мұқағалидің әкесі Сүлеймен қай жылы соғысқа аттанған: 1941 жылы 29 желтоқсанда
23. Шешесі Нағиманның айтуы бойынша ақынның шынайы туылған күні: 8 наурыз
24. «Сүлеймен, айтпады деме, түбі осы балаңнан бірнәрсе шығады», – деп айтқан кім: Ауыл мұғалімі, Сүлейменнің досы Нұрмолда Исабаев
25. Ақын қай жерге жерленген: Кеңсай зираты
26. Азан шақырылып қойған есімі: Мұхамметқали
27. Мұқағали пір тұтқан қазақ, орыс ақындары: Абай мен Пушкин
28. Мұқағали «Қазақтың Бальзагы» деп құрмет көрсеткен жазушы: С. Мұқанов
29. Мақатаев 1973 жылы қараша айында қай қалаға сапар шекті: Мәскеу
30. Ақынның 1974 жылдың 27 қаңтарында жарық көрген поэмасы: «Чили, шуағым менің»
31. «Чили, шуағым менің!» поэмасы 1974 жылдың 27 ақпанында қай газетте басылды: Социалистік Қазақстан
32. Ақын қай жылы абақтыға қамалды: 2 мамыр 1974 жыл
33. Мұқағали қандай дертпен ауырды: Церроз печени-бауырдың қабынуы.
34. Мақатаевтың өзі «Таңдамалым» деп атаған еңбегі қандай атпен жарық көрді: «Өмірдастан»
35. «Өмірдастан» еңбегі қанша тиражбен шықты: 15 мың
36. Мұқағалидың досы: Ердос
37. Мұқағали 1973 жылы 22 сәуірде қай жазушыны жерлеуге барды: Сәбит Мұқанов
38. Мұқағали қатысқан «Қазақ жырының бір жылы» атты баяндама қай жылы өтті: 12 сәуір 1972 жыл
39. Мұқағалиға Алтын қалам сыйлаған жазушы: Ғабит Мүсірепов
40. «Мұқағали жалғыздықты, мүләйім жағымпаздықты, әдебиеттегі саудагерлікті, жемқорлықты, бәлеқорлықты жан-тәнімен жек көрген ақын». Осы ойдың авторы: Шерхан Мұртаза
41. Бұрынғы Пастер көшесін Мұқағали Мақатаев атындағы көше деп атау жөніндегі пәрменді жасаған: Алматы қаласының бұрынғы әкімі Заманбек Нұрқаділов
42. Мұқағали Мақатаевқа қойылған ескерткіштің авторы: Нұрлан Далбай
43. Ақынға арналған ескерткіш Алматы қаласында қай жылы ашылды: 2002 жылы 16-желтоқсанда
44. «Мәдениет және тұрмыс» журналында қай жылдары жұмыс істейді: 1963-1965 жж.
45. Алғаш Мұқағали талантын бағалаған кім: Ә.Тәжібаев.
46. Қай жылы онжылдық мектепті бітірген: 1948жылы
47. Тараз қаласындағы №14 мектепке Мұқағали Мақатаевтың есімі қай жылы берілді: 1991 жылы
48. «Мұқағали да халыққа ұстаз болуға жарайды», - деген ойды кім айтқан: Бауыржан Момышұлы
49. «Мұқағали бала ұстауға да, күтуге де шебер болатын»,-деп айтқан кім: Жары –Лашын
50. Мұқағали Мақатаевтың жыр жинағы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «Metropolition Classics» компаниясы қай жылы тұсауын кесті: 2015 жыл
51. Мұқағалидың жыр жинағы АҚШ-тың қай қаласында жарық көрді: Нью-Йорк
52. Фариза Оңғарсынованың Мұқағалиге арнаған өлең топтамалары:«Мәңгілікпен кездесу», «Мақатаев туралы жыр»
53.Фариза Оңғарсынованың «Мәңгілікпен кездесу» атты Мұқағалиға арналған топтамалары қай жылы жарық көрді: 1973 жылы
54. Фариза Оңғарсынованың «Мақатаев туралы жыр» топтамасы қай жылы жарық көрді: 1984 жылы
55. Мұқағалидың өзі қайтыс болғаннан кейін жарық көрген шығармалары: «Өмір-өзен», «Бәсіре», «Соғады жүрек», «Шолпан», «Жырлайды жүрек», «Аманат» т.б
56. Мұқағали Мақатаевпен дос болған ақын қыз: Фариза Оңғарсынова
57. Мұқағалидың аяқталмай қалған поэмасы: «Қашқын»
58. Қарасаздағы Мұқағали мұражайының алғашқы директоры: Әбдіке Асанов
59. Ақынның «Райымбек, Райымбек!» поэмасындағы Райымбек батырдың мүсінін сомдаған шебер: Құрақбаев
60. Мұқағалиды Хантәңіріне балаған ақын: Еркін Ібітанов
61. Халықаралық М. Мақатаев қорының президенті кім: Айдарова Бақытгүл Мұқағаликеліні
62. Мына өлең жолдары кімге арналған?
Әке, сенің жасыңнан асып барам,
Кезі-кезі келгенде тасып та алам.
Кезі-кезі келгенде жасып қалам,
Мына өмірге бәрібір ғашық балаң: Әкесі Сүлейменге
63. Қай жылы Алматыға қоныс аударады: 1962 жылы
64. Мұқағалидың неше жасында әкесі соғысқа аттанған: 10 жасында
65. Әкесі қанша жасында ерлікпен қаза тапқан: 29 жасында
66. Мұқағали Дантенің қандай шығармасын аударған: «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» деген бөлімін
67. Ақынның А. Александров, М. Курганцев тәржімалаған өлеңдері қандай атпен орыс тілінде жарық көрді: «Зов души»
68. Ақын Дариға есімді жесір жеңге арқылы тылдағы халық өмірі, рух пен нәпсі, ар-намыс, адалдық, адамгершілікті суреттейтін шығармасы: «Өмірдастан»
69. О. Сүлейменов, М. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, Ж. Нәжімеденов, С. Мәуленов, т.б. шығармаларына талдау жасаған, өнер, поэзия туралы ой толғаған әдеби сын еңбектері: «Рух және сезім», «Сезім найзағайы», «1969 жылғы қазақ поэзиясы»
70. Ақынның драма саласындағы шығармасы: «Қош, махаббат» пьесасы
71. Әкесі қандай іспен айналысқан: Қарапайым шаруа, колхозда сушы, шалғышы болып істеген
72. Мұқағали кімнің қолында өскен: Әжесі Тиіннің
73. 1949 жылы «Советтік шекара» газеті ақынның қандай өлеңдерін жариялады: «Қырман басында», «Қойшы бала – Әкітай»
74. «Советтік шекара» газетінің бөлім меңгерушісі болып қай жылдары жұмыс істеді: 1960-62 жылдары
75. 1963-65 жылдар аралығында қай жерде жұмыс атқарды: «Мәдениет және тұрмыс» журналында
76. «Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау, жас жеткіншек жеткенде мақтанбасқа бола ма?»,- деп талантын бағалаған кім: Ә. Тәжібаев
77. Мұқағали шет елдің қай ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аударған: У. Уитмен, У. Шекспир, Н. Тихонов, Р. Бернс, Ф. Ансари, А. Акопян, А. Исакян, Е Евтушенко, Ф. Моргунның
78. Мұқағали Мақатаевтың проза саласында жазған шығармалары: «Қос қарлығаш», «Жыл құстары» повестері, «Құлпытас», «Марусяның тауы», «Өзгермепті», «Әже» әңгімелері
79. Мұқағалидің жазушылық қырын танытатын повестері, әңгімелері және пьесасы қай жинағында жарық көрген: «Қош, махаббат» жинағы
80. Ақынның лирикалық өлеңдерінің жалпы саны : 650-ден астам
81. Мұқағали Шекспирдің қандай шығармасын аударған: «Сонеттерін»
82. «Қош, махаббат!» жинағы қай жылы жарық көрді: 1988 жылы
83. Моцарт тағдырын тілге тиек ете отырып, өмір туралы өз жанының оптимистік рухын жеткізген шығармасы: «Моцарт. Жан азасы»
84. Уолт Уитменнің өлеңдерін қай жылы қазақ тіліне аударған: 1969 жылы
85. Мұқағали Мақатаевтың 1975 жылы жарық көрген жыр жинағы: «Шуағым менің»
86. Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді, әже, шырағың», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне ән шығарған сазгер: Н. Тілендиев
87. Ең алғашқы өлеңдері қай жылы жарияланды: 1948 жылы