Мейрамбек Бесбаев. “Мен бала кезімде Пелені көргенмін”

Мейрамбек Бесбаев. “Мен бала кезімде Пелені көргенмін”
Фото: vk.com

Соңғы кездері редакцияға көпшіліктің сүйікті жобасына айналып үлгерген “АЙНА” бағдарламасының кезекті шығарылымын сұраған хаттар легі толассыз келіп түсуде.

Көзі қырағы көрерменге жобаның екінші маусымын ұсынбас бұрын, елдің ерке ұлы Мейрамбек аға Бесбаевпен “АЙНА”-ның дәстүрлі сұрақтары негізінде болған әдемі әңгімені тарту етеміз.

Күні кеше ғана қырық бір жасқа толғанын атап өткен өнерпаз бүгін, 8 қараша күні кешкі сағат 19:00-де Республика Сарайының сахнасында жеке концертін беріп, елді қоңыр үнімен тербетпек.

Қазақтың беткеұстар әншісінің балалық армандарынан бастап, қырықтың қырқасына келгенде түйген ойларын білгіңіз келсе, мархабат! Қабыл алыңыз!

Ал, өзіңіз асыға күткен “АЙНА”  бағдарламасының екінші маусымы келесі аптада басталады. 

А. Оралқызы