Forbes рейтингі: Қазақстандағы ең бай адам

Forbes рейтингі: Қазақстандағы ең бай адам
Фото: KAZ Minerals

Біз әлемдегі ең бай адамдарды білеміз. Ал отандық ірі кәсіпкерлер туралы білесіз бе? Forbes.kz-тің 2017 жылғы рейтингі бойынша, Қазақстандағы нөмір бірінші бай адам – Владимир Ким.

Владимир Ким 1960 жылы туған, инженер-құрылысшы, техника ғылымының кандидаты (1997). Бизнес және әкімшілік басқару бойынша философия докторы. Алматы архитектура-құрылыс институтын (1982) бітірген. 1982-1997 жылдары «Алматы өндірістік құрылыс» тресінің екінші құрылыс-монтаж басқармасында тас қалаушы, «Алматықұрылыс» тресінің құрылыс-монтаж басқармасында бас инженер, Алматы қаласы Мәскеу аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Қазақ КСР мәдениет, әлеуметтік және ғылыми-техникалық даму қоры бас директорының орынбасары, атқарушы директоры, «Қазақстан-Самсунг» бірлескен кәсіпорны басқармасының төрағасы, «Жезқазғантүстіметалл» акционерлік қоғамының басқарушысы, 1997 жылдан өзінің бастамасымен құрылған Қазақстандағы ең ірі компания — «Қазақмыс» корпорациясының президенті, 2000 жылдан корпорация директорлар кеңесінің төрағасы — корпорация президенті. Экономика, қаржы және маркетинг бойынша КореяГФР және Швейцарияда білімін жетілдірген. Бірнеше ірі компанияның акционері. Владимир Кимнің қаржысы – $2 500 000 000. Негізгі табысы – металл.

М. Оңғарова