Диана ханшайым – тарихта аты қалған әйгілі ұлыбританиялық ханша. Ол туралы 13 ақиқатты ұсынамыз.
1. 1981 жылы Чарльз ханзадаға тұрмысқа шыққан Диана ханшайым салтанат барысында күйеуіне мойынсұну рәсімін жасамайды. Бұл әрекет қоғамда зор пікірталас тудырған. 2011 жылы Уильям ханзадаға тұрмысқа шыққанда Кейт Миддлтон да Диана ханшайымның әрекетін қайталап, күйеуіне мойынсұну рәсімін назардан тыс қалдырған.
2. Диана ханшайым озат оқымаған, емтиханнан құлаған, сондықтан, сабаққа бейім оқушы болып есептелмеген. Есесіне ханым музыка мен спортқа қатты қызыққан.
3. Чарльз ханзадамен бірінші болып Диана ханшайымның әпкесі Сара кездескен екен. Ханзадамен тұрмыс құрған соң да Диана ханшайым Сара әпкесімен жылы қарым-қатынасын бұзбаған.
4. 80-жылдары әлем бойынша ЖҚТБ (СПИД) ауруы қарқынды жүрді. Көп адам бұл ауру адамдар бір-біріне жақындағанда жұғады деген пікірде болған. Диана бұл пікірді толықтай теріске шығаруға тырысып, осы ауруға шалдыққан адамдарды жұрттың көзінше қолынан жетектеген. Бірақ Ұлыбритания патшайымы Диана ханшайымның бұл әрекетін құптамаған. Патшайым ауру ханшайымға жұғып кетеді деп қорыққан.
5. Диананың өз күйеуінен (ханзададан) жылулық көрмегені жиі айтылады. Ханзаданың көңілі өзге әйелде болған. Сондықтан да болар, ханзада әйеліне суық көңілін білдірумен қатар, өткір сөздер де айтқан. Мысалы, толықтығын бетіне басып отырған. Бұл ханшайымның намысына тиіп, Диана арықтау үшін ашыққан екен.
Чарльз ханзада мен Диана ханшайым
6. Патша әулетінің дәстүрі бойынша, әшекей бұйымдар тапсырыспен жасалады. Ал Диана ханшайым бұл дәстүрді бұзып, Garrard компаниясының неке сақинасын сатып алған. Бұл неке сақинасының құны 42 мың АҚШ долларын құраған. Бұл жүзікті қалтасында қаражаты бар кез келген адам таға алады. Диана ханшайым қайтыс болған соң, жүзік Уильям ханзаданың қолына өткен, ол өз кезегінде сақинаны Кейт Миддлтонға берді.
7. Диана ханшайым 17 балаға кіндік шеше болды. Ханшайымның кіндік ұл-қыздарының арасынан танымал тұлғалардың әйгілі балаларымен қатар, қарапайым науқас балаларды да көруге болады.
8. Диана ханшайым Чарльз ханзадамен ажырасқан соң өзге еркектермен кездесе бастайды. Ханшайымның қызметшісі Пол Бюррелл Диана анасымен ренжісіп қалғанын айтқан. Анасы қызының ханзадамен ажырасып, басқа еркекке көз салған әрекетін кінәлаған.
Майкл Джексон мен Диана ханшайым
9. Әлем Диана ханшайымның ұстанымын жақсы білді. Ол бейбіт халыққа бомба қолдануға қарсылығын танытқан. Жарылғыш зат қолдануға қарсы жұмыстармен айналысатын International Campaign to Ban Landmines компаниясы 1997 жылы Нобель сыйлығын алғанда, бұл компанияға Диана ханшайымның да қатысы бар екені анықталды. Өкініштісі ол кезде ханшайым өмірден өтіп кеткен еді.
10. Уильям ханзадаға екіқабат кезінде Диана ханшайым баспалдақтан құлап кеткен. Құрсағында болашақ ханзада болғандықтан бұл әрекет Елизавета патшайымнан бастап бүкіл әлемді уайымға салды. Диана да, бала да аман қалғанымен, не үшін бұлай болғаны жұмбақ күйінде қалды. Көп адам күйеуінің жылулығына зәру бақытсыз әйел өзіне назар аударту үшін әдейі баспалдақтан құлады деп есептейді.
11. Диана "ханшайым мәртебесінен" өз еркімен бас тартқан. Ажырасқаннан кейін Диана өзін жұрттың "жоғары мәртебелім" деп атағанын қаламаған. Ол еркіндік алу үшін абыройлы атақты кеудеден итерген жалғыз ханшайым болды.
12. Диана ханшайым жол апатынан қаза болды. Нақты дерек бойынша, артынан қалмаған папарацииден қашам деген Диана ханшайым отырған көлік жол апатына ұшыраған. Алайда оған сенбейтіндер де бар. Айтуларынша, Диана кісі қолынан қаза тапқан болуы да мүмкін.
13. Ол "халық жүрегінің ханшайымы" болды. Өз заманында ең ықпалды, ең танымал әйел атанды, елдің сүйіктісіне айналды.