Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Алла Пугачева о дүние жайында ойлай бастады

Алла Пугачева о дүние жайында ойлай бастады

Алла Пугачева о дүние жайында ойлай бастады

Алла Борисовна Пугачева Мәскеу қаласындағы Кузьминский зиратынан өзіне орын дайындап қойыпты. Мәскеудің оңтүстік-шығысында орналасқан зират 60 гектарды алып жатыр. Сол жерде 1986 жылы инфаркт ауруынан көз жұмған әншінің шешесі Зинаида Архиповна жерленген екен. Бұл жөнінде "Ритуал" пресс-қызметінің төрағасы Дмитрий Коробцовтың баяндағандарына сілтеме жасай отырып, РИА "Жаңалықтар" хабарлайды.

"Бұл нақты ақпарат. Бұрындары болашағын ойламайтын адамдар қазір зираттан өздеріне орын дайындап қоюдан қашқақтамайды. Бұл - ертеңгі күнін ойлайтын кез келген жанның жасайтын ісі" - деп түсіндіреді Дмитрий Коробцов. Оның сөзіне сенсек, жақында ғана моланы қайта қалпына келтіріп, отбасылық жандарды қосып жерлеуге мүмкіндік туған көрінеді.

Кеңестік және ресейлік жұлдыз, сазгер әрі продюсер, КСРО халық әртісі Алла Пугачева 1949 жылы 15 сәуірде Мәскеу қаласында дүниеге келген. Ол 1995 жылы Ресейдің Мемлекеттік сыйлығына ие болып, екі рет "Отанға деген қызметі үшін" марапатталды. 2000 жылы Николай Чудотворцтың "Әлемде мейірімділікті арттырғаны үшін" атты сыйлығымен мадақталды. Кембридж орталығы ресейлік әншінің өнеріне тамсанып, "Музыка мен өнер саласындағы еңбегі үшін" деген атпен орден тақты.

2009 жылы 5 наурызда ол өзінің концерттік қызметін доғаратынын айтты. Сахнадан кету себебін дауыс интонациясының төмендеп кетуімен түсіндірді.

2011 жылдың 23 желтоқсанында 10 жыл бойы азаматтық некеде жүрген сықақшы Маским Галкинмен бас қосып, үйлену тойын өткізді.

Сонымен қатар, осы жылы жаз мезгілінде Алланың өлім алдындағы өсиеті жайында әлеуметтік желілерде қызу талқыланған болатын. Сол кезде оның израильдік моладан жер сатып алып қойғаны турасында айтылып еді. Бұл ақпараттар қанша расталып жатса да, Алла Пугачева жақтан әлі де еш үн жоқ...

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: uznayvse.ru

3096 4
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 05 қыркүйек 2012, 11:09
Пікірлер
+0
05 қыркүйек 2012, 11:37

Төрінен көрі жақын дейсің...

+0
05 қыркүйек 2012, 12:18

нешеде жасы, қартайып қалған сияқты ғой, суретіне қарасам

+0
05 қыркүйек 2012, 13:37

мола сатып алу деген "коркынышты"естiледi :shock:

+0
06 қыркүйек 2012, 12:00

сүйікті әншім

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...