Джеки Чан: "Атақ – тиімсіз тауар: қол жеткізу қиын, – айырылып қалу оңай"

Джеки Чан: "Атақ – тиімсіз тауар: қол жеткізу қиын, – айырылып қалу оңай"

Бүгін атақты актер Джеки Чан алпыс бір жасқа аяқ басып, туған күнін атап өтуде. Артына өшпес із қалдырған кино әлемін жарық жұлдызын дүйім жұрт актер, каскадер, кинорежиссер, продюсер, сценарист әрі әнші деп біледі. Бірақ, сонымен қатар, Джекидің тамаша философ екенін біле ме екен? Ендеше, актердің өз аузынан шыққан ой түйдектерімен таныс болыңыздар.

Ақша әлі күнге ешкімге дұрыс тәрбие бере алмады.

Продюсерлер маған "ержүрек, батылсың" дейді. Бірақ олардың "сондай" өтірікші болатынын сіздерде білесіздер ғой, иә?

Қаласаңыздар, мені "жынды" деп атай беріңіздер. Бірақ "ақымақ" деп атамаңыздаршы.

Қандай да бір қауіпті трюк жасағаннан кейін, бірден камераға қараймын. Себебі, адамдар қазір ғана көз алдыларынан өткен трюкті, қандай да бір дублер емес, менің жасағанымды білуі керек қой. 

Мендегі қорқыныш тек камера өшіп тұрғанда ғана "өмір сүреді". Қалай камера қосылады, мендегі қорқыныш сезімі сөнеді. Содан кейін, мен бәріне дайынмын.

Мен әлемге әйгілі дәрігер бола алатын едім, бірақ ойламаған жеден ең әйгілі емделуші болдым.

Бір дәрігер маған: Сіз өз-өзіңізге "қол жұмсап" жатырсыз. Мүмкін, тоқтайтын уақыт келген шығар? Әй, бірақ сіз мені бәрібір тыңдамайсыз, осы сұрақты өз-өзіңізге қойып көріңізші" деді. Мен оның кеңесіне құлақ асып, өз-өзіме осы сұрақты қойдым. Тек, әлі күнге не деп жауап берерімді білмей жүргенім болмаса.

Мәссаған, мен шынымен де 102 фильмге түстім бе?

Мен азиялық Роберт Де Ниро болар едім, әрине, мүмкін болса...

Америкалық каскадерлер өте ақылды. Егер олар кадрда көлікпен "ұшатын" болса, арадағы қашықтықты, көлік жылдамдығын, бәрін алдын ала есептейді. Ал, біз, гонконгтіктер, есеп білмейміз. Біздің әр әрекетіміз болжаммен ғана жүзеге асады. Жүрегің шыдаса, ойға алған нәрсеңді істейсің, бар болғаны сол ғана..

Атақ – тиімсіз тауар: қол жеткізу қиын, – айырылып қалу оңай


Мен сияқты боламын деп тырыспаңыздар. Одан да, бағдарлама жасауды үйреніп алыңыздар.

Кока-кола ішіп, рэп тыңдаған адам қайтадан дәстүрлі мәдениетке оралмайды.

Менің бір итім және бірнеше мысығым бар. Олардан қызғанған әйелім "Сен менен гөрі, осы жануарларға көп ақша жұмсайсың" дейді.

Кейде көңіліме мұң ұялағанда, Брюс Лидің киноларын көремін.

Біз, қытайлықтар, мюзикл жанрынан немесе жоғарытехнологиялық арнайы әсерлер жағынан (спецэффект) америкалықтардан алға шыға алмайтынымыз анық. Бірақ... Бірде Спилбергпен әңгімелесіп отырғанда, "Юра дәуірінің саябағы" фильміне тәнті болдым, әсіресе адамдар мен динозаврлар камераның алдында қалай бірге түскен екен деп таңқалдым",- дедім. Ал ол: "Бұл  қарапайым нәрсе ғой, Джеки. Менің компьютерлерім мықты... Сен одан да мынаны айтшы, "Құдай қаруы" ("Доспехи Бога") фильмінің ана бір жерінде қалай секірдің?"- деді. Мен: "Бұл  өте қарапайым нәрсе ғой: камераны қосасың да, секіресің,"- деп жауап қаттым.

Менен мықтымын деген адамға маған еліктеген адамның үлгісі ретінде қараймын.

Кейде бір нағыз оңбағанның рөлінде ойнағым келеді. Сол кезде мен "өлетін" (кинода) алғашқы фильм дүниеге келер еді.

Жүрегіңнің қай уақытта "тоқта" деп пәрмен беретінін ешқашан біле алмайсың.

Мен тамақ таңдамаймын, жегім келген тағамнан бас тартпаймын. Мысалы, балмұздақ жесем, бар болғаны 20 минутқа артық шұғылданамын.

Егер Құдай бар болса, сұрақ күні, менің тек қана адамдарды бақытты еткім келгенін есепке алады деп ойлаймын.

Менің бір "жаман" қасиетім бар: мен зорлық-зомбылықты жек көремін.

Джеки Чан? Ол дегенің нағыз аңыз адам ғой.

Сурет: luvpk.com

Е. Жұмабайұлы