Мұқан Төлебаев туралы сіз білуге тиіс 10 дерек

Мұқан Төлебаев туралы сіз білуге тиіс 10 дерек

Бүгін қазақтың аса көрнекті композиторы, қоғам қайраткері, КСРО халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұқан Төлебаевтың туған күні. Атаулы күнге орай композиторы туралы сіз білуге тиіс 10 деректі назарларыңызға ұсынамыз.

1. Мұқан Төлебаев 1913 жылы 13 наурызда бұрынғы Талдықорған облысы, Бөрлітөбе ауданында дүниеге келген.

2. Ол 23 жасында Мәскеудегі Луначарский атындағы театр институтына оқуға түскен.

3. 1941-1945 жж. Е. Брусиловскийден сабақ алған.

4. Ол  Е.Брусиловскиймен бірлесіп «Аманкелді» операсын жазған.

5. Қазақстан Республикасы алғашқы әнұраны авторларының бірі.

6. Мұқан Төлебаев - жаңашыл композитор. Ол бірінші болып кантата, симфониялық поэма жазған.

7. М.Төлебаев, А.Жұбанов, Е.Брусиловский, В.Великанов, Л.Хамиди, С.Шабельский, Б.Ерзакович - жетеуі 1939 жылы Қазақстан Композиторлар одағын құрған.

8. «Біржан-Сара» операсы оның композиторлық дарынының шырқау шыңы ғана емес, сонымен бірге қазақтың ХХ ғасырдағы музыкалық мәдениетінің ең көрнекті табыстарының бірі. «Біржан-Сара» операсы өзінің полифониялық болмысына қарамастан, ұлттық нәрі бар құнарлы туынды. 

9. Өмірінің соңғы жылдарында композитор лирикалық-драмалық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» операсын бастайды, бірақ композитор кенеттен дүние салып, бұл шығарма аяқталмай қалады.

10. Мұқан Төлебаев соғыста алған жарасы қатерлі ісікке айналып 47 жасында дүниеден озған.

Сурет: news.headline.kz

Н. Айдархан