- Негізгі бет
- Тұлға
- 74 жастағы Аль...
74 жастағы Аль Пачино алғаш рет үйлену туралы шешім қабылдады
74 жастағы Голливуд актері Аль Пачино 35 жастағы танысына үйленгелі жатыр, – деп жазады inform.kz шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Танымал актер өмірінде бірінші рет отбасын құрмақ. Мұндай шешімді ол Аргентинаның сұлу актрисасын көргеннен кейін қабылдаған.
Актер таңдаған сұлудың есімі - Люсила Сола. Америкалық «Total Film magazine» журналына берген сұхбатында актер Люсилаға ессіз ғашық екенін жасырмапты.
Айта кетелік, атақты актердің некелеспеген әйелінен туған үш баласы бар. Үлкен қызы Пачино 25 жаста болса, егіз ұл-қызы 14-те.
сурет: mota.ru
Е. Қайрахан