- Негізгі бет
- Тұлға
- Тұңғыш Президент күні...
Тұңғыш Президент күні құтты болсын!
2012 жылдың алғашқы жұлдызы Қазақстан халқы үшін тағы бір мерекелік күнге толысқан болатын. 2011 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Парламент сенатының отырысында "Қазақстан Республикасындағы мерекелер" заңына толықтыру енгізілді. Осы отырыста Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күні Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақ елі үшін жасаған елеулі еңбегі ескеру мақсатымен күнтізбеге енді.
1991 жылы желтоқсан айының алғашқы күндері Қазақстан елі үшін елеулі кезең болып есептеледі. Бұл уақытта мемлекеттің алға қойған бағыт-бағдары анықталуы тиіс болған. Бүгінде Қазақстан дүниежүзі елдерін демократиялық мемлекет ретінде мойындата білді. Ал бұған Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қосқан үлесі зор.
Massaget.kz ұжымы барша қазақ елін тұңғыш Президент күнімен құттықтайды! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан Республикасы қанатын кеңге жайып, дами берсін!
Сурет: krg.prokuror.kz
Н. Нұрмаханұлы