Шешендік шеберліктің төрт шарты

Шешендік шеберліктің  төрт шарты

1. Сөйлейтін сөзді мақсатқа жетсем деген оймен жігерлі және табандылықпен бастаңыз. Мұның маңызы сіз ойлағаннан гөрі әлдеқайда жоғары. Сондықтан, үлкен күш-жігермен үйренген үстіне үйрене түсіңіз. Оның пайдалы екенін есте сақтаңыз. Өз-өзіңізге сенімді болудың сіз үшін қаншалық мәнді екенін, аудитория алдында жігерді сөйлеу қабілетіңізді одан сайын жетілдіре түсудің тиімділігі хақында ойлаңыз. Сонда жаңадан дос-жарандар тауып, жеке басыңыздың қадір- қасиеті артып, ықпалыңыздың өсуі нәтижесінде басшылық лауазымға қолыңыз жетуі ықтималдығын есте ұстаңыз.
" Адамға табиғат сыйлаған қабілеттің ешқайсысы да, - дейді Чонси М.Депью,- кісіні жақсы сөйлей білудей көпке танытып, қызмет бабында тез өсуіне жағдай жасай алмайды". Филипп Армордың миллионер болып алған соң: " Көрнекті капиталистен гөрі, атақты шешен болғанды қалар едім"- деуі де тегін болмаса керек. Шешендік- әрбір сауатты адамның ұмтылуына болатын өнер.

2. Не жайында сөйлегіңіз келетінін нақты білу керек. Егер де адам сөйлейтін сөзін жан-жақты ойланып, іштей қорытып, әрі не айтарын күн ілгері айқын білмесе, онда ол тыңдаушылар алдында өзін еркін сезіне алмақ емес. Яғни бір соқырды жетелеген екінші соқырды еске түсіреді. Тек айтарың болса, және оны өзің жақсы білсең ғана айт сөзіңді бітір де, орныңа отыр.

3. Сенімді болыңыз. Адамға сенімділік қажет. Егер кездейсоқ сенімнен айырылып, іштей сасқалақтап қалған екенсіз, онда дереу өз- өзіңізді қолға алыңыз. Өзіңізді батыл сезінгіңіз келсе, онда шынында да батыл болыңыз, тас түйін боп, ерік- жігерді ширатыңыз, сонда бәлкім үрейден айырылып, қайратыңыз артуы ықтимал. Бойыңызды тік ұстап, тыңдаушыларға тайсалмай қараңыз да, олардың бәрі бейнебір сізге ақша бересілі тәрізді рәуіште нық сөйлеңіз. Мұның сіз үшін психологиялық әсер-ықпалы мол болмақ.

4. Шыныға беру, шыныға беру, шыныға беру. Енді сізге ұсынғалы отырған төртінші шартымыздың мәні мейлінше зор екенін баса айтқымыз келеді. Тіпті, бұған дейін оқыған- тоқығандарыңыздың бәрін ұмытып қалғанның өзінде де, мынаны есте сақтаңыз: біріншіден (ол әрі соңғысы), сөзді асып-саспай, бүлдірмей сөйлеудің бірден-бір тәсілі - мүмкіндігінше көбірек сөйлеу. Бұл дегеніңіздің мағынасы, мынаған келіп тіреледі - шыныға беру, шыныға беру, шыныға беру лазым.Онсыз нәтижеге жету мүмкін емес, негізгі шарт сол. "Үрей надандық пен өз-өзіне сенімсіздіктен туындайды",- деп жазады профессор Робинсон "Ақылдың қалыптасуы" деген кітабында. Басқаша айтқанда, үрей кісінің өз- өзіне сенімсіздігі жетпеуінің салдары. Ал сындарлы өткелдерден қайыспай өтіп, тәжірибе молайғанда , қорқыныш-үрей жойылып , шілде айындағы күн сәулесі ыдыратқан тұмандай сап болады. Бір нәрсенің басы айқын: жүзуді үйрену үшін, міндетті түрде суға түсу шарт.

Cурет: lady.nur.kz, salesportal.ru

Ж. Исакаев