Джанни Версаче - поп-арттың жарық жұлдызы

Джанни Версаче - поп-арттың жарық жұлдызы

Джанни Версаче 1946 жылы Италияның оңтүстік бөлігінде дүниеге келді. Отбасы мүшелері жаны жайсаң, жақсы жандар болды. Анасы жергілікті ательеде тігінші болып қызмет атқарды. Соның себебі болса керек, Джанни жастайынан ине мен жіпке құмар болып өсті. Туыстары оны архитекторлық өнерге баулуды мақсат тұтып, сол салаға итермелесе де, жас бала қолынан матаны тастаған жоқ. 

Ақыры не керек, Джани 1972 жылы тігіншілікпен шындап айналысу үшін Миланға көшіп келді. Ол сонымен қатар, дизайнерлік өнерін де ұштауға барынша тырысты. Осы талабының арқасында байқуатты адамдардың көзіне түсіп 1975 жылы "Complice" дүкеніне арнап алғашқы коллекциясын шығарды. Осылайша үш жыл өткен соң, Версаче әйелдерге арналған авторлық киімдерін халыққа таныстырды. Дәл осы уақытта оған інісі Санто қосылып, қаржы бөлімін басқаруды өз мойнына алды. Осылайша "отбасылық компания" өзінің алғашқы қадамдарын басты. 1981 жылы ағайынды екі жігітке туған қарындастары Донателла қосылды. Ол компанияның жарнамасы мен имиджін қалыптастыру бөліміне жауапты болды.

ыв

Ағайынды Донателла, Джанни, Санто Версачелар

Версаче шындығында өте талантты дизайнер болды. Заман ағымын, халықтың қалауын дөп баса білген ол жұртшылықтың ықыласына тез бөленді. 80-ші жылдары сән әлеміне жаңа леп әкелді. 

1997 жылдың 25 шілдесінде талантты дизайнер, модельер Джанни Версаче Майамидегі вилласында қаза тапты. Анығын айтсақ, қастық қылып дұшпандары атып кетті. Бұдан кейін "Versache" маркасының тізгіні қарындасы Донателланың қолына көшті. Содан бері "Versache" маркасы көпшіліктің көңілін табуға тырысып жұмыс істеп келеді. Антикалық мәдениет пен поп-арттың синтезі ретінде бағаланып жүрен бұл марканың коллекциялары қазіргі таңда әлемдік брендке айналды.

суреттер: woman.ru, aplonline.ru