Бен Хейне. "Қарындаш пен камера"

Бен Хейне. "Қарындаш пен камера"

Бүгін Бен Хейне есімді әрі фотограф, әрі суретші азаматтың "Қарындаш пен камера" сериясымен таныстырғалы отырмыз. Бұл кісінің туындыларының ерекшелігі сол - ол еңбектерінде тек қағаздағы кеңістікті емес, сонымен қатар, үш өлшемді кеңістікті де пайдаланады. Оқырмандарға түсінікті болуы үшін Беннің туындыларымен бірден таныстыралық.

ва

Суретші қыз

ыв

Адам қаңқасы

ав

Еңбекқор құмырсқалар

в

Дельфин

ыв

Сурет құдды зұлымдыққа жол жоқ деп тұрғандай

ы

Күшік сүйкімді екен

ыв

Махаббатын тапқан ғашықтар

ыв

Сәби

ыв

Жағажай

ыв

Жанартау

в

Аспанға саяхат

ыв

Ғажайып автомобиль

в

Фотограф

в

Қос ғашық

ыв

Бақытты балалық шақ

Бенджамен 1983 жылдың 12 маусымында Кот-д'Ивуар-да дүниеге келген. Қазіргі кезде еңбек жолын Брюсселде жалғастыруда. Журналистика саласында бірнеше ғылыми жұмыстар жазып, сәтті қорғап шыққан. Қазіргі кезде саяси мультипликация, карикатурамен айналысады. Сонымен қатар, дарынды фотограф ретінде де халыққа белгілі. Беннің "Тән мен акрил" атты сериясы да ерекше танымалдылыққа ие. 

Бенджаминнің басқа да еңбектерімен өзінің жеке сайтында таныса аласыздар.

Ақпарат Бенджаминнің жеке сайтынан алынды