Данышпандар бір ғасырда бір-ақ рет туылады дейді. Адамзат тарихында оларды бірден мойындамай қорлаған сәттер аз емес. Қуанышымызға орай, олар өздерінің қабілеттілігін кеш болса да, көрсете білді.
1. Томас Эдисонды 4 ай бойы оқытқан ұстазы ақыл кемістігі бар деп мектептен қуып жіберген екен.
2. Медицинадан бас тартқан Дарвинді әкесі «Сені ит пен тышқан аулаудан басқа еш нәрсе қызықтырмайды» деп жазғырған.
3. Уолт Диснейді дұрыс идеялар ұсына алмағаны үшін газеттегі қызметінен қуып жіберген.
4. Ұстазы Бетховенді еш нәрсеге қабілеті жоқ оқушы ретінде бағалаған.
5. Эйнштейн 4 жасына дейін сөйлемеген. Оны ұстазы ақыл кемістігі бар оқушы деп есептеген.
6. Атақты мүсінші Роденнің әкесі «Балам – нағыз ақымақ. Өнер мектебіне 3 рет тапсырып түсе алмады» деп айтқан.
7. Император Фердинанд тамаша композитор Моцарттың «Фигароның үйленуі» туындысын естіген кезде «Нотасы көп, шуы аз шығарма» деп бағалаған.
8. Менделеев химия пәнін 3 деген бағаға оқыған.
9. «Форд» көлігін көрген кезде оны жасап шығарушы Генри Форд та бай болған деп ойлауымыз мүмкін. Бұл алып империя жүз жылдан артық өмір сүруде. Алайда Фордтың жазып, сызып, тіпті, оқып білмегенін ешкім біле бермейді. Ол табысқа жетпес бұрын бірнеше рет тақырға отырған.
10. Маркони ең алғаш радионы ойлап тауып, бұл жетістігімен достарымен бөліскен кезде оны психиатрия ауруханасына жатқызған. Әрине, қарапайым адамдарға сөзді ауа арқылы таратуға болады деген жаңалық сенімсіздік танытатыны анық. Алайда осы оқиғадан кейін бірнеше уақыт өткен соң оның радиосы теңіз сарбаздарының өмірін аман сақтап қалған.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: goodfon.ru
өзіне сенетін тұлғалардың көбісі ресмилікті жарты жолдан тастап, тікелей тәжірибеге көшкендер :)
Бойыңда қабілет болса, бір жерді тесіп шығасың. Оқуға қарап ештеме жоқ.
1. Томас Эдисонды 4 ай бойы оқытқан ұстазы ақыл кемістігі бар деп мектептен қуып жіберген екен. Мені де алғашқы сынып жетекшім түк білмейді, тіпті элементарный нәрселерді де білмейсің деп ұрсушы еді :)
Демек, ең бастысы өзіңе деген сенім мен тәжіребие керек екен ғой)
Меніңше, адамға ең бірінші мотивация керек... Ұстаздары мен туғандарының ауыр сөздері болмағанда, оларда мотивацияда болмаушы еді деп ойлаймын...
Жазба ұнады. Келесі жазбаңыз Массагеттіктер бір жерді тесіп шықсын деген ниетте Мотивация жазсаңыз. (Әр бағытта
оқу ,бизнес , жұмыс , т.б.)
Ринат өзін жазған жазбаларың менің профиліме неге келе береді?
Сондықтан қазір нашар екенмін деп болашақтан түңілме деңдерші
Адам баласының бәрі данышпан болып туады, әрине әр салада. Алайда қоғам құрығынан бірең сараңы ғана аман шығады
Әр адамның бойында ерекше қабілет болады, оны тек сыртқа көрсете білу сол адамның өзінің қолында.