Мәдина Сәдуақасова тойы және той қонақтары

Мәдина Сәдуақасова тойы және той қонақтары

2 ақпан күні Қазақстан эстрадасының жарық жұлдызы 34 жастағы Мәдина Сәдуақасова тұрмысқа шықты деп хабарлайды Tengrinews.kz. Салтанатты түрде неке қию дәстүрі Алматының орталық АХАЖ бөлімінде өтті. Осыдан біраз бұрын БАҚ-та әнші 8 қаңтар 2014 жылы "Хабар" агенттігінің режиссері Олжас Смағұловпен құпия некелесті деген нақтыланбаған ақпарат тараған еді. 

Олжас Смағұлов Мәдинаға үйленуге ұсынысты әншінің туған күнінде жасаған екен. Ол оны мейрамханаға шақырып, гүл, iPhone және ішінде гауһар тасты жүзік салынған торт сыйлаған. Әнші сүйіктісінің ұсынысын қабыл алып, күйеу жігіттің туған күнінде, яғни 2 ақпан күні үйлену тойын атап өтуді жөн көріпті. 

Олжас Смағұлов, белгілі болғандай, Қазақстанның танымал жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың немересі. Қазірде отандық арналардың бірінде режиссер болып қызмет атқарады. Ол әншіден алты жарым жасқа кіші.

Той Алматының бір мейрамханасында өтті. Мәдина Сәдуақасова неке қию дәстүріне бір көйлек, ал той кешіне екінші көйлек киген. Оның біреуін құрбысы әрі дизайнері арнайы тіккен. Ал, екіншісін әнші дайын күйінде сатып алған.

Тойға 300-ге жуық қонақ шақырылған және олардың көбі екі өнерпаздың өнердегі дос-құрбылары. Кеш қонақтарының Instagram әлеуметтік желісіне салған суреттері мен көйлектерін тамашалайық.

Кештің басты "репортеры" Айнұр Тұрсынбаева болды. Ақын той атмосферасын суреттермен жеткізуге барынша тырысты. Тойға киіп келген ұзын әдемі көйлегі мен басына таққан тюрбаны шығыстық стильге сай, бейнесін айқын ашып тұрды.

Сурет жариялаудан Мейрамбек Бесбаев та қалыспады. Әнші Instagram-ның қызығына әбден кіріп кеткен сияқты. Қазақстан өнерпаздарының қарапайым өмірін көрсетуден тайсалмайды. Тойға жары мен кішкентай қызын ерте келген.

Әншіні құттықтауға Меруерт Түсіпбаева да келді. Бірақ әлеуметтік желілердің бірінде ол ерте қайтып кеткенін, баласына сабақ жасауға көмектесу керек екенін айтқан.

Қазақстанның үздік әншілері Маржан Арапбаев, Роза Рымбаева және Айгүл Иманбаева тағы бір үздік әншіні құттықтауға келген. 

Қазақтың ерке қызы тағы бір ерке қыздың қуанышымен бөлісуге келді. 

Қазақстанның жас жұлдыздары да тойда бой көрсетті. Аға әріптестеріне қарағанда жастар тойға еркін стильде киінуді қалайтын сияқты.

Алтынай Жорабаева қарапайым қара көйлек таңдаса да, талғаммен таңдалған әшекейлері бейнесіне жарқындық беріп тұр.

Қымбат Досжан және Жанатбек Байтековтың жары

Бір топ өнерпаздар тілектерін жаудыруда

Той өткенше әншінің басы-қасында болған жан құрбысы Қарақат Әбілдина. Қалыңдықтан кем емес шаршағаны көрініп тұр.

Тойбастар таратылды, демек той да мәресіне жетті.  

Екі жас бақытты болсын!

Сурет: instagram.com/madina_sadvakasova, instagram.com/kymbatdoszhan, 
instagram.com/karakat_a, instagram.com/aidyn_nury, total.kz

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina