Агата Кристи: "Жүрекке ауыр сәтте бақытты шақтарды ойлауға болмайды"

Агата Кристи: "Жүрекке ауыр сәтте бақытты шақтарды ойлауға болмайды"

Жазушы, 1976 жылы 12 қаңтар күні 85 жасында Ұлыбританиядағы Уоллингфордте көз жұмған.

* * *

“Менің бойымда өмір қандай болса, дәл сол қалпында қабылдай алатын, ашу, шудың артынан еріп кетпейтін, және де кез келген мезетте кез келген жерде ұйықтап кете алатын қасиет бар".

«Өзіңді нағыз ханымдардай ұста» — ерте кездің ұранына айналған ерке сөз. Мұның астарында кейбір қасаң қағидалар да қалыптасқан болатын: Әрқашан тарелкада азырақ болса да тамақ қалдыру; Толы ұртпен ұрттауға болмайды. Ең бастысы: теміржолға шығарда таза киініп шығу, апат жағдайы орын ала қалса..."

"Балалық шақта жақсы көрген нәрсемнің бәрі өмір бойына қызықты ермегім болып қалды. Мысалы, үйде ойнау".

"Өнердің кереметін өз уақытында, өз сәтінде оқымау, өмірдегі кішігірім қателіктердің бірі деп санаймын. Көптеген, көпшілік адамдар үшін Шекспир мектепте оқылып қойғаны үшін жоғалып кеткен..."

"Шығармашылық ойды өсіруге ыдыс-аяқ жуудан артық құрал жоқ. Әсіресе, әйел баласына".

"Есіме балалық бөлмемнің төрінде ілініп тұрған мақтау қағазы түседі. Онды былай деп жазылған екен: "Паровозды айдай алмайтын болсаң – көміршінің күрегін ұста".

"Ер мен әйел арасындағы достыққа не мұрындық болатынын мен дәлме-дәл айта алмаймын, - ерлер өз табиғатында ешқашан әйелдермен дос болғысы келмейді".

Неке махаббаттан да басы артық дүние. Мен өзім әдеттегі көзқарасқа сүйенемін - бұл сыйластық. Оны тек масаттанумен (восхищение) шатастырып алмау тиіс. Неке одағаның бүкіл жылында ермен масаттану, менің ойымша, қиын, жалықтырып жіберетін іс секілді, мойын тұсындағы ревматикалық сызатпен аяқталуы да мүмкін".

"Бірде мені қытайдың көне суреті еліткен болатын, өмір бойына сол бір суретті жақсы көріп қалдым. Онда ағаш түбіне отырған шал суреттелген. Бильбокта ойнауда. Суреттің атауы былайша бағамдалған: "Дырдумен өткізген қарт"".

"Жүрекке ауыр тиген сәтте бақытты шақтарды ойлауға болмайды. Қайғылы кездер, өз алдына, рұқсат. Қайғыдан келер зиян жоқ. Бірақ, бақытты шақтар мен қуанышты мезеттер бізді тұқыртып тастауға әзір тұрады".

"Егер мен жаңа туған нәрестеге сыйлық жасай алған болсам, онда мына бір нәрсені таңдар едім: жақсы мінез-құлық (характер)".

"Жұрттың сізді тыңдауға жалығатынын үнемі іштей өзіңізге қайталап жүріңіз. Шын мәнісінде, неліктен адамды өз өмірі емес, өзгенің өмірі қызықтыруы тиіс?"

«Жолбарыстардың заманынан» (жақсы уақыттардан) соң қарақшылар мен ұры-қарылардың, қалта тонаушылар мен қаскөйлердің заманы туады; мүмкін, мұның өзі жақсы да шығар, өйткені, мұның өзі жоғары өрлеуге қадам саналмақ".

"Зады, бүкіл қасиеттердің ішінде мені қатты қызықтыратыны - адалдық. Адалдық пен жанқиярлық – осы бір екі тамаша қасиет..."

""Бақытты адамдардың өмірінде оқиға болмайды" - деп, мүмкін айтатын шығар?"

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: rating.uol.ua

Л. Лига