Гиннесс рекордтар кітабына енген 15 жұлдыз

Гиннесс рекордтар кітабына енген 15 жұлдыз

Бүкіл әлемді аузына қаратып Гиннестің рекордтар жинағына ең үздік жан-жақты жаңалықтар мен ашылулар еніп келе жатыр. Ал бізге таныс жұлдыздардың арасында кімдер рекордшы аталады екен? Ендеше Гиннестің рекордтар кітабындағы әлемге аты әйгілі атақты адамдар жазылған беттерді парақтап көрейік.

1. Уильям ханзада мен Кейт Миддлтон


2011 жылдың 29 сәуіріндегі ханзада Уильям мен оның қалыңдығы Кэтриннің үйлену тойын тікелей эфирде екі миллиардтан көп адам тамашалады. Сөйтіп мұншама адам осы жұптың Гиннестің рекордтар кітабына енуіне жол ашты. Жинаққа бұл оқиға «бір уақытта болып жатқан шарадан ең көп тікелей трансляция жасалды» деп сақталды.

2. Джонни Депп


Атақты актер Джонни Депптің ең көп табыс табатын өнер жұлдызы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енуіне оның 2009 жылдың маусымы мен 2010 жылдың маусымы арасында 15 миллион доллармен қалтасын қалыңдатқаны себеп болды.

3. Сандра Баллок

«Ең көп табыс табатын актрисалардың» көшін бастаған Сандра Баллок бір жылда 56 миллион доллар тауып, Гиннестің рекордтар кітабынан орын алды.

4. Джоан Роулинг

"Гарри Поттер" кітабын шығарған Джоан Роулинг «Алғашқы жазушы-миллиардер» атағына ие болып, кітабын ең көп сатқан жазушы ретінде Гиннеске тіркелді. Оның осы еңбегі әлемнің барлық елінде 400 миллион данамен таралды.

5. Хью Лори

"Доктор Хаус" сериалының жұлдызы өз-өзін ең көп табыс табатын телевизиялық актер ретінде мақтаныш тұтады. Ол «Доктор Хаус» туындысының әр сериясы үшін 400 мың доллармен қанжығасын майлайды.

6. Рианна

Рианна Гиннестің рекордтар кітабына бір жылда қатарынан дүниеге келген төрт әні де американдық чарттар тізімінде тұрған ең алғашқы әнші ретінде жазылды. Әңгіме оның Речь Rude Boy, Love The Way You Lie, What's My Name? және Only Girl әндері жайында. 

7. Джастин Бибер

Ол музыкалық бейнебаяндары әлеуметтік желілерде ең көп көрілген әнші ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. 2011 жылы оның Baby бейнебаяны 463 миллион көрермен жинады.

8. Леди Гага

Леди Гага 2011 жылы Туиттердегі ең танымал жұлдыз ретінде әлемдік рекордты қойды. Сол кездері әншінің микроблогында 11,259,372 оқырманы болған. Қазір бұл көрсеткіш 40 миллионға жақындап та қалды.

9. Мадонна

Мадонна 2011 жылы әлемнің ең табысты әншісі атағымен рекорд жаңартты: 2009 жылдың желтоқсан айында ол Америкада 75 миллион, ал әлемнің басқа да елдерінде  200 миллион диск жинағын сатқан. Оның алдында ол рекордшылар тізіміне «Эвита» кинофильмі арқылы тап балған еді. Мадонна кинофильмде барлық киножұлдыздарды баса озып, ең көп костюмдерді көрсетіп шыққан. Сенесіз бе, ол бір кинолентада 85 рет киім ауыстырған?!

10. Майкл Джексон


Поп-король да бірнеше рекордтың басына су құйып тастаған еді. Оның Thriller әндер жинағы әлі де сатылымнан тыс қалып қойған емес. Сонымен қатар Джексон бір жылда бірнеше рет «Грэмми» сыйлығына ие болған ең табысты видеоның авторы ретінде де Гиннеске кірді. Ал оның отбасы поп-музыкадағы ең табысты отбасы ретінде рекорд жасады. Айтпақшы, оның ең табысы көп және жоғары төленетін актер атанғаны тағы бар.

11. Тэйлор Свифт


Тэйлордың бір басында екі рекорд бар: оның SpeakNow ән жинағы 2010 жылдың қараша айында 280 мың данамен сатылды. Осының арқасында ол жинағы ең көп сатылған әйел әнші атағына ие болды. Сонымен қатар, Свифт екінші рет 11 әні де АҚШ шоу-бизнесінде хиттердің тізімінде тұрған сәтте рекордқа енді.

12. Оззи Озборн

Аты аңызға айналған Оззи Озборн 2010 жылы «Ең ұзақ және қатты дауыс» атымен рекорд қойды. Рокердің өзі айқайлаған жоқ, Dodgers мен Los Angeles Angels ойындарының үзілісінде алаң трибуналарында отырған 52 мың адам шулады.

13. Адель

Адельдің екі әні және екі ән жинағы «Ыстық бестік» сайысына бірден қатысты. Ұлыбританияда оның бұл табысына Адельге дейін The Beatles тобы жеткен болатын. Ол ағылшын чарттар тізімі тарихында бір жылда 3 миллионнан көп данамен тараған алғашқы ән жинағы үшін де рекорд жаңартты.

14. Сэмюэл Л.Джексон


Сэмюэл Л.Джексон ешқашан жұмыссыз қалған емес: бір жылда 4 кинофильмге түседі. Оның репертуарында жүздеген кинолента бар. Гиннестің рекордтар кітабына Джексон барлық кинофильмдерін қосқанда қалтасы ең көп қалыңдайтын актерлердің көшін бастағаны үшін тіркелді. Барлығы 2011 жылдың көрсеткіші бойынша 7,4 миллион доллар қаржыны құраған.

15. Кіші Роберт Дауни

Кіші Роберт Дауни ерекше рекорд қойды: оны туған күнімен табынушылары рекордтық дәрежеде құттықтаған. Ол Пекинде өтіп жатқан туған күні кезінде 5 399 табынушысы қол қойған ашық хат алады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: woman.ru, doheraoboev.ru 

А. Әбілхан