Голливуд актрисаларының жылдық табысы қанша?

Голливуд актрисаларының жылдық табысы қанша?

Forbes журналы Голливуд актрисаларының жылдық табысын жариялады. Ең жоғары жалақы алатын және жылдық табысы мол актриса Брэд Питтің жары Анджелина Джоли болды.

Анджелина Джоли 2012 жылдың шілде айынан бастап 2013 жылдың шілдесіне дейін 33 миллион доллар табыс тауыпты. 2014 жылы көгілдір экранға шығатын «Малефисента» фильміндегі жауыз сиқыршының рөлі танымал актрисаның қалтасына 15 миллион доллар қаржы түсірген.

Екінші орынды иеленген Дженнифер Лоуренстің жылдық табысы 26 миллион долларды құрап отыр. 22 жастағы актриса «Голодные игры» фильміне түсу арқылы ақпан айында үздік әйел рөлін сомдап, Оскар сыйлығын иеленген болатын. Бұл атақ актрисаның қалтасын қалыңдатқаны сөзсіз.

Өткен жылы актрисалардың жылдық табысының көшін бастаған Кристен Стюарт бұл жылы 22 миллион доллар табыс тауып, үшінші орыннан көрінді. Бұл актрисаның өткен жылғы табысымен салыстырғанда 12,5 миллион долларға аз болып отыр.

Forbes журналы жариялаған жылдық табысы мол актрисалардың ондығы:

1. Анджелина Джоли (33 миллион доллар)
2. Дженнифер Лоуренс (26 миллион доллар)
3. Кристен Стюарт (22 миллион доллар)
4. Дженнифер Энистон (20 миллион доллар)
5. Эмма Стоун (16 миллион доллар)
6. Шарлиз Терон (15 миллион доллар)
7. Сандра Буллок (14 миллион доллар)
8. Натали Портман (14 миллион доллар)
9. Мила Кунис (11 миллион доллар)
10. Джулия Робертс (11 миллион доллар)

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Суреттер: spletnik.ru

О. Сансызбай