Президент болып туған адам

Президент болып туған адам

Көшбасшылық қатарда жасалған фантастикалық мәлімдеме ел әңгімесінен алынып отыр.

* * * *

Кедей отбасында дүниеге келген ұл бала ерте жастан ауыр жұмыстарға араласты. Отбасының материалдық жағдайы мүшкіл болған соң, мектеп табалдырығын бір жылдан артық тоздыра алмай, бұғанасы қатпай жатып-ақ жергілікті фермаларда мердігер, сал ағызушы, орман кесуші, почташы болып та жұмыс жасап көрді... Ал қалған бос уақытының бәрінде өз бетімен білім алуға тырысқан ол жиырманың бесеуіне келгенде емтихан тапсырып, адвокат атанды. 

Жерлестері секілді оның да қалтасында көк тиын болмады. Жақсы таныс пен сапалы білімді жерлестері секілді аузына алмаса да болатын. Ата-анасы саясатқа еш қатысы жоқ, момын шаруа адамдары еді. 

Бірақ, бірде ол жергілікті тұрғындардың басын қосып, алдарында сөйлеуге бел буды. Көпшіліктің назары ауды деуге келмес, әрине - танымал қоғам қайраткері немесе саясаткер немесе сиқыршы да емес, тұрғындардың дәл өзіндей қарапайым жұмысшыны кім елесін. Соған қарамастан, құлақ шалғандардан келіп жатқандар байқалды. 

Сосын ол көпшіліктің алдына тұрып, оларға адам айтқысыз сөзін жеткізді:

- Мен сіздерді шақырып отырған себебім, айтқым келгені: он жылдан кейін мен ел президенті боламын. 

Топ арасынан біреудің күлген даусы естілді, ендігі біреулер ысқырып та жіберді, ал біреулер болса, шығар есікке беттеді. Олардың ойында ол "Мен президент боламын!" деп жер-жаһанға айғай салып, ел ішін кезіп жүрген көптің бірі ғана болатын.

Осы сәтте біздің кейіпкер шығар есікке беттеген жандарға қарап, аяқсыз қалған сөзін жалғастырды:

- Тоқтаңыздар, орындарыңызда қалыңыздар! Іштеріңізде мені ақымақ көретіндер бар шығар. Солай-ақ болсын делік, елімізде дәл осы іспетті сөздерді айтып жүрген талайды мен де көрдім. Бірақ, мені олардан бөліп тұрған бір нәрсе бар.

- Қандай? - деп топ ішінен біреу қарсы сұрақ қойды.

- Олардан айырмам, он жылдан кейін мен шынында да президент боламын.

Кетіп бара жатқандардың бір бөлігі орындарында қалды. Сөзін аяқтауға оқталды:

- Өткен күнім мен өмірімде президент болуға себеп болатын негіздің жоқтығын білемін. Артымда тұратын әскерім де, сайлауаралық компанияларға өткізетін қаражатым да жоқ, іске қосылатын саясатта таныстарым да жоқ. Өткен күнімде түк жоқ.... Алайда, менің уәдем бар! Он жылдан соң ел президенті боламын деп сөз беремін. Бұл мен үшін және ел үшін маңызды. Елді қай бағытпен алып жүруді білемін. Әрине, дәл осындай мәлімдеме жасауға себеп болатын бірде-бір негіз жоқтығын түсінем, бірақ, мен қолымнан келгеннің бәрін жасауға, дәл осы сәттен бастап көздеген мақсатқа бағыт алып, бағдар тануға, президент болу үшін істеу керек нәрсенің бәрін жасауға уәде етемін. 

* * * *

Сосын, ол АҚШ тарихында ең танымал президенттердің бірі атанды. Оның аты - Авраам Линкольн болатын.

* * * *

Қандай әрекет пен қандай шешімдерге барып жүрсің? Болашақ үшін өзіңді өзгертуге дайынсың ба?

сурет:vk.com 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига