- Негізгі бет
- Тұлға
- Мерилин Монроны кім...
Мерилин Монроны кім өлтірді?
Дәл қазіргі уақытта күллі әлем жұртшылығы Американың нышаны, миллиондаған еркектің қол жетпес арманына айналған актриса Мерилин Монроны жиі еске алуда. Қателестіңіз, бүгін оның туған күні де, қайтыс болған күні де емес. Жуырда ғана өмірі де, өлімі де құпия болып келген актрисаның қалай өлгендігі туралы ақиқат ашық айтылды.
АҚШ-тағы танымал детективтің қызы Фреда Оташа Коллин өзінің әкесінің құпия қағаздарын ашық түрде жариялады. Оның бірінде кино әлемін зор жаңалықтар енгізген актрисаның өлімі туралы айтылады.
Тыңшы бұл қағазда өлім орын алғаннан бірнеше күн бұрын клиентінің өтінішімен М. Монроның пәтеріне тыңдауға арналған құрылғыларды қойғандығын айтады. Және осы құрылғы Мерилиннің өмірінің соңғы минуттарын жазып алған: кіммен кездескендігін, нені тыңдағандығын, кіммен не туралы сөйлескендігін, кімнің өлтіргендігін... Актрисаны соңғы рет көргендер – Бобби және Джон Кеннеди есімді ағайынды жігіттер екен (1963 жылдың 5 шілдесі). Бұл екеуінің бірімен Мерилин құпия түрде кездесіп жүрген көрінеді.
Мерилин Монроның ашынасы, сенатор Бобби Кеннедидің өлтіргендігі анықталды. Екі ағайынды жігтпен де махаббат құрғандығы анықталғанда, бөлмеде айқау-шу басталады. Мерилин қатты айқайлай бастады, ал ағайындылар оны тыныштандырмақ болды. Көршілер дауысты естіп қоймас үшін Бобби Мерилинді кереуетке итеріп, жастықпен тұншықтырған. Монро қарсылық білдіруін тоқтатқанда, Кеннеди үйден шығып кетеді.
Асылында, актрисаның өлімінің алдында ел аузында сенатор Кеннеди екеуінің арасындағы байланыс туралы қауесет тарап жүретін. Бірақ нақты дәлелдер жоқ болғандықтан, "өзіне қол жұмсау" ретінде жылы жауып қойылады.
Суреттер:starandstar.ru,anti.fishki.net
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева