Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Мәдениет / Тұлға / Семейдің ең сұлуы

Семейдің ең сұлуы

Семейдің ең сұлуы

Семейліктер қаланың ең сұлу аруын анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Семей аруы - 2013» атағын алу үшін 16 жастан 23 жасқа дейінгі 13 бойжеткен бақ сынасты. Алғашында қатысушылар бейнеролик арқылы өздері жайында айтып беруі керек болған. Сонымен қатар, қатысушы арулар хореографиялық сыннан өтіп, кешкі отырысқа арналған көйлектер мен қазақтың ұлттық киімдерін таныстырып, сән көрсеткен.

«Кастинг бақандай үш айға созылды. Мұнан кейін байқауға дайындық екі ай бойы қатысушыларды қалжыратты. Қыздар өте қатты шаршады. Байқауға қосымша қойылымдар қойдық. Оның үстіне флешмоб пен дефиле тағы бар. Әйткенмен қатысушы қыздар мұның бәріне мән берместен, 100 пайыз бәрін жеңіп шықты», - дейді Семей қаласындағы «Іңкәр сезім» этностудиясының директоры әрі қалалық «Семей аруы-2013» байқауын ұйымдастырушы Айна Тоғысова.

Әйтеуір, үш сағатқа созылған байқау мәресіне жетіп, «Семей аруы - 2013» байқауының тәжі 18 жасар студент қыз Камила Тұрғынбекке бұйырды.

«Әділ-қазылар алқасының шешім қабылдауы өте ұзаққа созылды. Біз қыздардың барлық жүріс-тұрысына, сән көрсетуіне, би қимылдары мен кескін-келбеттеріне аса назар аудардық. Сондықтан мен жеңімпазымыз Камила Тұрғынбек осы атаққа лайық деп ойлаймын», - деп түсіндірді Айна Тоғысова. Оның сөзінше, ертеңнен бастап «Семей аруы-2013» атын иеленген Камила Тұрғынбек осы жылдың соңына жоспарланып отырған республикалық байқауға дайындықты бастап кетуі керек.

Айта кетерлік жайт, әділ-қазылар алқасында танымал әзіл-сықақ пен сатира саңлақтары, «Тамаша» ойын-сауық орталығының актерлері – Асылбек Боранбай мен Марат Көккөзов те болды.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: Tengrinews.kz 

4219 7
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 07 маусым 2013, 17:24
Пікірлер
+0
07 маусым 2013, 21:23

фигура! қыздар! Фигура! :lol:

+0
07 маусым 2013, 23:19

жарасың Ардақ аға!

+0
08 маусым 2013, 10:38

Сұлу-ақ екен. ;)

+0
08 маусым 2013, 10:39

Бірақ, бұған кімнің көзімен қараймыз.

+0
08 маусым 2013, 22:29

жігіт көзбен да!

+0
08 маусым 2013, 11:41

Әдемі

+0
08 маусым 2013, 18:02

Әддемі ару екен

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...