Гиперреализмді меңгерген қылқалам шеберлері

Гиперреализмді меңгерген қылқалам шеберлері

Гиперреализм – ағылшын тілінен аударғанда фотореализм дегенді білдіреді. Ол бейнеленген заттың сырт көз аңғара бермейтін тұстарын сол қалпында суреттелуіне немесе әр адамның әр тал шашынан бастап, әр қырына дейін айна-қатесіз сомдалуын талап ететін өнер түрі.

Гиперреализм жанры суретте де, мүсінде де көрініс табады. Гиперреализм жанрымен салынған суреттен жай фотосуретті ажырату қиынға соғады. Сол секілді гиперреализм өнерімен жасалаған мүсін де жансыз заттың нақ өзін көз алдыңа елестетеді.

1973 жылы Иса Брахот «гиперреализм» терминін енгізді.  Гиперреализм жанры жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдары Америка Құрама Штаттарында пайда болды. Осы жанр өмірге келсімен-ақ бүкіл шығармашылық пен өнер бір сілкінді. Гиперреализм өнер жолында өзіне кішкене ғана жол ашып алды да, алға қара дами берді. Шамамен отыз жылдай уақыт өткенде гиперреализмнің сол жолы үлкен даңғыл жолға айналып үлгерді. Әлемдік өнерде гиперелистер тобы пайда болып, түрлі гиперреалистік туындылар мәдени тұғырдан төбе көрсетіп жатты. Гиперреализм жанры нақты затты дәл айнытпай келтіру емес, одан кішкене болса да шынайылықтың иісін шығару. 

Гиперреализм жанрының бүгінгі шеберлері мен олардың туындылары

Патрик Крамер (Patrick Kramer) Америкада Юта штатының Кейсвилл қаласында туылған. Brigham Young University оқ орнын аяқтаған суретші гиперреализм жанрымен айналысады. 

Крис Вудс (Chris Woods) — суретші -гиперреалист. 1970 жылы Канаданың Нью-Брансуик қаласында өмірге келген. 

Шерил Келлей (Cheryl Kelley) — Техас штатының тумасы. Автокөліктерді гиперреализм жанрымен салады. 

Роберто Бернарди 1974 жылы Италияның Тоди қаласында өмірге келген. 19 жасынан бері қылқалам шебері атанған Роберто Бернарди көбіне гиперреализ жанрымен тәттілерді салады.

Джейсон Ярмоски (Jason Yarmosky) 1987 жылы Нью-Йоркте туылған. Оның өнерінің басты кейіпкерлері - атасы пен әжесі.

 

Хавьер Агилера (Javier Aguilera) 1969 жылы Испанияда өмірге келген. 

Синди Райт (Cindy Wright) 1972 жылы Бельгияда өмірге келген. 1996 жылы Royal Academy for Fine Artsпо оқу орнын сурет мамандығы бойынша тәмамдаған. 

Одри Флэк (Audrey Flack) - американдық суретші, мүсінші және фотограф. 1931 жылы Нью-Йоркте туылған. 


Брайан Болтон (Brian Boulton) - канадалық суретші-гиперреалист. Брайан сандық фотоаппарат негізінде гиперреалистік суреттер салады. 

Робин Елей (Robin Eley) 1978 жылы Лондонда туылған. 

Бен Шонзейт (Ben Schonzeit) - американдық суретші-гиперреалист. 1942 жылы Америкада туылған. 

Элис Ньюберри (Alice Newberry) сандық суретпен айналысады.

 

Жалғасы бар...

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: etoday.ru

А. Әбілхан