Бейонсенің ханымдық образы

Бейонсенің ханымдық образы

Поп-жұлдыз Бейонсе өз тыңдармандарына арнап жаңа құрылымда жарқын шоу өткізбек. 15 сәуір күні әнсүйер қауым ақ пейілден туған әдемі көйлектер мен аппақ сезімнің аясында туған жаңа әндердің куәсі болмақ.

Аймақты шарлау барысында өзінің ән әлеміндегі, әлем алдындағы шынайы да шын сұлу ханым екенін дәлелдеп шықпаққа бекінген. Ол үшін қазіргі уақыттан бастап Дженни Маник Мерчан есімді дизайнерге әртүрлі үлгідегі киімдерді тіктіртіп жатқан көрінеді. Өз кезегінде танымал дизайнер де қолында асай-мұсайы (скипетр) бар, басында тиара киген жаңа Бейонсені өмірге әкелмекке бекінген. Көздің жауын алатын асыл тастар мен көңілге от салатын көрік атаулының бәрін поп-жұлдыздың үстінен көретін боламыз.

Төмендегі роликті тамашалай отырыңыз.

сурет:spletnik.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек



Л. Лига