- Негізгі бет
- Музыка
- Рим Папасы қазақ...
Рим Папасы қазақ ән-күйін екі сағат бойы тыңдады
XVI Рим Папасының жақында ғана өз тағынан кеткенін ел білген еді. Енді Рим Папасының арнайы шақыртуымен Батыс қазақстандық «Орал сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі Ватиканда кеш бергені белгілі болды.
Бұл туралы «Мой город» порталы хабарлады. Қазақстандық өнерпаздар понтификтің алдында екі сағаттық кеш беріпті.
Ұлттық костюмде 14 музыкант Рим католикалық шіркеуі басшылығының алдында қазақ сазгерлерінің туындылары мен халық әндерін орындапты. Жиналған қауым домбыра, қобыз, жетіген, дауылпаз және сырнайдың үндерін өте ұнатқан екен.
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қанатқали Қожақов: «Біз қазақ әндерінің кереметтігін көрсеткіміз келді. 2 сағат бойы қазақ ән-күйі ойнады. Менің ойымша, көрерменге кеш ұнады, себебі олар қайта-қайта қол шапалақтап жатты. Ал біз кешімізді аяқтаған кезде кардиналдың өзі арнайы құттықтады» деді.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: kz.all.biz
А. Құлтай