Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Мәдениет / Музыка / "Жар-жар" әнінің тарихы

"Жар-жар" әнінің тарихы

Қазақтың кез келген шаңырақ көтеру тойы "Жар-жар" әнісіз өтпейтіні хақ. Екі жастың ғұмырларының бір арнада тоғысып, екі жақтың ортақ қуанышына куә болған жандар шырқайтын танымал әннің тарихын білесіз бе?

"Жар-жар" әнінің авторы ұмыт болғандықтан, ол ел аузында халық әні делінеді. Алайда, дәстүрлі той әнінің әуені халықтікі болғанмен, оның сөздерін белгілі ақын Әбдірахман Асылбек жазған.

Жамбыл облысы, Талас ауданының тумасы Әбдірахман Асылбек достарымен бірге арман қуып, Алматыға оқуға келеді. Қаладағы Қазақ педагогикалық институтының, тарих-филология факультетінде оқып жүрген кезде жерлесі Берден Байқошқаров (Ауылшаруашылық институтының студенті) отау құрғалы жатқанын айтып, оған тойға шақыру қағазын беріп кетеді. Той қарсаңында бір ауылдан түлеп ұшқан достар бас қосып, тойға тартатын сый-кәде туралы ақылдасады. Танымал "Жар-жар" әнінің сөзін жаңаша жазып, тойда шырқау туралы ой келеді. Ақынның қаламға жақындығы бар екенін білетін достары оған «әнге жаңадан сөз жаз» деп қолқа салады. Бұл 1959 жылдың күз мезгілінде болған еді.


Ақын Әбдірахман Асылбек

Ән сөзі түнде жазылып, келесі күні баспа машинкасында 9 дана болып терілген. Той басталмас бұрын достар 15 минут дайындық жасаған. Алматыдағы «Саяхат» автобекетінің маңындағы «Жастар» мейрамханасында өткен үйлену тойында жас жұбайларды дәстүрлі «Жар-жар» жаңа нұсқада шырқалған. Ән мәтіні жазылған парақтар ел арасында таралып кетті.

Бір аптадан кейін ақын тағы бір досының үйлену тойына барғанда, күні кеше шырқалған «Жар-жар» әнінің жаңа нұсқасының айтылып жатқанына куә болады. Ел арасында кеңінен таралған ән осылайша талай екі жас қуанышында шырқала бастады.

Уақыт өте келе дәстүрлі той әнінің жаңа нұсқасы шақыру билеттері мен күнтізбелерде, газет пен журнал, ән жинақ беттерінде басылып шыға бастады. Алайда, ешбір жерде ән сөзінің авторы туралы еш мәлімет берілмеген.

Ақын 2002 жылы Әділет министрлігіне қарасты авторлық және сабақтастық құқықтар комитетіне хат жазған соң, оған жауап ретінде «1959 жылдан бері айтылып келе жатқан «Жар-жар» әнінің сөзін шығарған Әбдірахман Асылбек» деп жазылған диплом-сертификат хатпен бірге келеді.

52 жыл бұрын жазылған «Жар-жардың» жаңа нұсқасы талай тойдың төрінде шырқалып, өзіндік орнын тапты. Күллі қазақтың қуанышына ортақтасатын «Жар-жар» әлі күнге дейін ел кәдесіне жарап отыр.

Жар-жар

Сөзі: Әбдірахман Асылбектікі

Әні: Халықтікі

Осы өмірге лайық отты жағып, жар-жар,
Келеді, әне, екі жас топты жарып, жар-жар,
Үлкені мен ауылдың жасы мұнда, жар-жар,
Жас келінді көруге асығуда, жар-жар.
Құтты болсын тойларың замандастар, жар-жар,

Жаңалыққа жар болып, қадам бастар, жар-жар,
Бірге аттаған босаға берік болсын, жар-жар,
Үйлеріңе құт-бақыт келіп қонсын, жар-жар.
Күндей күліп көктемгі көңілдерің, жар-жар,

Қызғалдақтай құлпырсын өмірлерің, жар-жар,
Тұған айдай толықсып, толыңыздар, жар-жар,
Жаңа өмірдің жаршысы болыңыздар, жар-жар.

 Қадамдарың екі жас, құтты болсын, жар-жар,

Ақ отаудың еңсесі мықты болсын, жар-жар,

Ата-ананың үмітін ақтаңыздар, жар-жар,

Махаббатты мәңгілік сақтаңыздар, жар-жар!

Суреттер: http://www.kazakhistory.ru, http://writers.kz

Дайындаған: Ғазиза Ұзақ
Қосылған күні: 29 ақпан 2012, 16:00

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.