TikTok-та үш жігіт Цойдың әндерін домбырада орындап танымал болды

TikTok-та үш жігіт Цойдың әндерін домбырада орындап танымал болды

TikTok желісінде Алматыдағы домбырашылар «Kино» тобының әндерін орындап танымал болып жатыр. Видео бір күнде миллионға жуық рет қаралды. Tengri Lifestyle музыканттармен байланысып, олардың жұмыстары туралы толығырақ ақпарат алды.

«Адай» триосының домбырашы Ахат Ахмедидің айтуынша, музыкант жігіттер Павлодардан Алматыға бір-екі ай бұрын көшіп келген. Топта қазір үш адам бар: домбырашылар Ахат Ахмедий, Дастан Сайлаубаев және барабаншы Балтабек Қаппасов. Топ Kino тобы мен Виктор Цойдың жұмысын жақсы көреді, сондықтан олар танымал композицияларды өздерінше кавер етіп ойнайды.

"Неге бұл әндерді таңдадық? Себебі, үшеуміз де «Кино» тобы мен Цойдың жанкүйерлеріміз", - дейді Ахат.

Жігіттердің орындауындағы «Группа крови» әні.

@adaiteam Виктор Цой - Группа крови #trioadai ♬ оригинальный звук - Trio «Adai»

Видео 100 мыңнан астам лайк жинап, кемінде екі мыңнан астам пікір қалдырды.

Посттың астына «Қазақстан – ессіз талантты ел», «Иә, сымбатты жігіттер», «Домбырадағы тамаша орындау», «Цой тірі» деп жазды тыңдармандар.

 «Пачка сигарет» әні

@adaiteam

Виктор Цой - Пачка сигарет

♬ оригинальный звук - Trio «Adai»

«Кино» тобының репертуарындағы жігіттердің ең сүйікті әні "Перемен требуют наши сердца" («Біздің жүрегіміз өзгерістерді талап етеді») әні. Жас музыкант жігіттердің продюсерсіз, өздерін жарнамалап жатқанын айтты.

"Біз әрқашан өзімізге ғана сенеміз, өзімізді қаржыландырамыз. Банкеттерде, іс-шараларда және т.б. өнер көрсетулерімізбен ақша табамыз. Бірақ, әрине, біз топпен әлемдік аренаға шыққымыз келеді. Бүкіл әлем ұлттық аспабымыз домбыра туралы білсе», - дейді Ахат.

Айта кетейік,, 2022 жылдың тамыз айында қазақстандық домбырашылар Темірлан мен Ернат дуэті АҚШ-та өткен Голливудтағы халықаралық байқауда «Аспаптық музыка» номинациясын жеңіп алғаны хабарланған болатын.

Т. Раушанұлы