Жерар Пике бәрін алдап соқты!

Жерар Пике бәрін алдап соқты!

Бүгін ғана Шакира мен Жерар Пике тұңғыш ұлды болды деп, әйгілеп жар салған едік. Сөйтсек, бұл Жерар Пике мен Шакираның қалжыңы болып шықты.

Анығырақ айтсақ, аяқдопшы Жерар Пике өзінің Твиттеріне әке болғанын айтып, жар салған еді. Журналистер ауыздан-ауызға, баспадан баспаға таратып басқан «керемет» жаңалықты аяқдопшының өзі сол күні кеште әлеуметтік желідегі лентасында мұның әзіл екенін растады.


Мәселенің бәрі де 28 желтоқсанға әкеліп тірелген екен. Испанияда бұл күн біздегі әзіл-күлкі күні (1 сәуір) іспеттес мереке екен.

Қайтсек те, әзілге де, жалпы өміріне де араластырып жүрген бала табу ойлары шын ниеттен шығар. Ендігіде қалжыңбас Пикенің Твиттерінен Шакираның босанғаны туралы шын ақпарат көреміз деп тілейік...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: jetsetter.ua

А. Құлтай