Шакира мен Пике ұлды болды

Шакира мен Пике ұлды болды

Жақында колумбиялық әнші Шакира мен Барселона ойыншысы Пике ұлды болды.

Баланың әкесі атанған "Барселона" клубының қорғаушысы Жерар Пике осы оқиға жөнінде Twitter микроблогына былай деп жазды: "Біз тұңғыш балалы болдық. Біз өте бақыттымыз. Барлық білдіріп жатқан тілектеріңізге алғыс айтамын". Сәбидің есімі әзірге белгісіз. Бірақ Шакира оны Бил (Biel) деп атауы мүмкін деген сыбыс бар. 

"Барселона" футболшысы мен Шакира 2011 жылдың наурыз айынан бері кездесіп жүр. Ал Шакира өзінің жүкті екенін 2012 жылдың қыркүйек айында хабарлады. 

Бұл жағдайдан бөлек, әнші қыздың бұрынғы жігіті, Аргентинаның бұрынғы президентінің ұлы Антонио де ла Руа Шакирадан сәтсіз махаббаттары үшін 45 миллион доллар моральдық өтемақы сұрап отыр. Оның айтуынша, ол өзінің сүйіктісі үшін заңгерлік мансабынан бас тартып, бар уақытын әншінің продюсері болуға арнаған екен. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: spletnik.ru

Б. Қосмағамбет