- Негізгі бет
- Музыка
- "Күресіп жатырмыз". Толқын...
"Күресіп жатырмыз". Толқын Забирова жол апатынан кейінгі жағдайын айтты
Белгілі әнші Толқын Забирова жол апатынан кейінгі жағдайын айтты, - деп хабарлайды massaget.kz тілшісі.
"Қайырлы күн, достар! Осылай басыма күн түсіп тұрған кезде менің қасымда қаншама жанашырым барына, осындай қиын сәтті менімен бірге бөлісіп жатқан жандардың барына көзім жетіп отыр. Сіздерге көп рақмет! Енді ең бастысы - аяқ-қолым сау, сынған сүйектерім жоқ. Мынау мидың шайқалуы деген нәрсемен күресіп жатырмыз. Алаңдамаңыздар, ем алып жатырмын. Осы айтқан тілектеріңізді Алла Тағалам өзі қолдап, еселене алдарыңыздан түссін. Бастарыңызға мұндай күн төнбесін деп тілеймін. Ал рөлде отырған жандарға ұқыпты, сақ, жауапты болыңыздар деп айтқым келеді. Өйткені бұл орында бөтен емес, мен емес, өздеріңіздің бір туысыңыз да отыруы мүмкін. Сондықтан үлкен жауапкершілікпен өмірге қарайық", - деді әнші Желіде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, бұған дейін әнші Толқын Забирова жол апатына ұшырағаны хабарланған болатын.
Ж. Қадыржанова