- Негізгі бет
- Музыка
- "Бірталай концерттен қалдым"....
"Бірталай концерттен қалдым". Белгілі әнші жол апатына ұшырады
Танымал әнші Толқын Забирова жол апатына ұшырады. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жазды, - деп хабарлайды "Массагет".
Толқын Забирова жол апатына қалай ұшырағанын айтты.
"Кейде алдарына кішкентай балаларын отырғызып көлік жүргізіп келе жатқан ата-аналарға таңғаламын, не болмаса соткасына үңіліп қарап, бар жанын беріп, шұқып жататындарға... Бұл не!? Жауапкершілік қайда!?
Өзіңді ойламасаң, қоршаудағы адамдарды ойлау керек емес па? Осындай біреудің алаңғасырлығынан мен жол апатына ұшырадым", - дейді ол.
Әншінің сөзінше, ол отырған көлікті "жас бала" соққан. Бір мезгіл есінен танып қалғанын да айтты.
"Ол соткасына қарап отырып, тежегішті басуды ұмытып, біздің көлікке келіп соққан кезде ғана бірақ тоқтапты. Денсаулығыма зақым келді, бірталай концерттен қалдым (отбасымның жаман болғанын санамағанда)", - деп жазды Забирова.
Әнші апатқа кінәлі адамды кешіре ме, жоқ па, әзірге белгісіз. Десе де ол, "бір-бірімізге жанашыр, мейірімді, жауапты болайық" деген тілегін айтты.
G. DosymshalovaПосмотреть эту публикацию в Instagram