#КвартирникTengri: Insta-Live эфирінде Mona Songz

Alash Media Group медиахолдингі Pantograph продюсерлік орталығымен бірлесе ұйымдастырған #КвартирникTengri онлайн-концертін жалғастырады. Бүгін, 29 сәуір саған 20.00-де жас орыдаушы Mona Songz-пен бірге Insta-Live өтеді.

Әнші карантин кезін ұйқы режимін бұзбағанын, ерте тұратынын айтады. 

"Күнім жеңіл жаттығдан басталады. Өйткені, қазір карантин кезінде физикалық белсенділік төмендейді. Уақытымның барлығын пайдалы нәрсеге жұмсауға тырысамын. Бос уақыт көбейгендіктен, өзімнің әлеуметтік желідегі парақшамның контентіне назар аудара бастадым. Қысқа видеолар түсіріп, өзге орындаушылардың әніне кавер жасаймын. Жаңа әндер жазамын", - дейді музыкант.

Жас әнші Манарбек Жұматай (Mona Songz) Павлодар қаласында туған. Петр Чайковский атындағы музыкалық колледжде білім алған.

#КвартирникTengri  басты назарға карантиннің негізгі ережелерін ала отырып, COVID-19 вирусымен күресте ұстануға тиіс қауіпсіздік шараларын қолдайды. Жобада бұған дейін Urker тобы, қазақ Motor-Roller  рок-группасының көшбасшысы Ильяс Аутов, әнші Son Pascal, Darkhan Juzz, Дастан Оразбеков, Indie-rock-тобы BluesMotel, Luina, Ayree, Ziruza, Диана Шарапова сынды орындаушылар өнер көрсетті.