- Негізгі бет
- Музыка
- Адель альбомының 10...
Адель альбомының 10 миллион данасын сатты
Британдық әнші Адельдің "21" атты пластинкасы өзінің танымалдылығының шыңына жетті. Жинақтың интернеттегі ең көп жүктелетін альбом екендігі былай тұрсын, ол биыл соңғы ғасырдағы Бртаниядағы ең көп таралған жинақ атанды. Сонымен қатар, "21"-дің Біріккен корольдік тарихындағы ең көп сатылған альбомдар тізімінде бесінші орынға жайғасқандығы белгілі болды.
Айта, кетелік, осыдан біренше күн бұрын британдық чарттарда 22 ай айналған "21" бәйгелерден шығып қалды. Дегенмен 22 айдың 71 аптасында әнші алғашқы ондықтан көрінді. Оның екінші альбомы алғашқы аптада-ақ британдық чарттардың көшбасшысына айналып үлгерген еді.
Adele - Lovesong. "21"
Lenta.ru-дың хабарлауынша, қазіргі уақытқа дейін әншінің жинағы 10 миллионнан аса экземплярмен таралып үлгерген. Жинақтың тағы бір жетістігі сол - ол "бриллианттық" статусқа 2 жыл өтпей жатып жетті. Айта кетелік, жинақ 2011 жылдың 24 қаңтарында шыққан болатын. Альбом 10 миллиондық межеге өткен аптада аяқ басты.
Бұл пластинкадан бөлек тағы екі альбом осы жылы 10 миллиондық межеге жете білді. Атап айтсақ, Linkin Park-тың 2000 жылы шыққан "Hybrid Theory" жинағы және Ашердің 2004 жылы жарық көрген "Confessions" еңбегі.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: nnm.ru