Наурыз жайлы әндер топтамасы

Наурыз жайлы әндер топтамасы
Фото: google.kz

Наурыз дегенде, бірден Роза Рымбаеваның "Наурыз" әні есімізге түседі. Жыл сайын Наурыз мейрамының шымылдығын осы бір керемет ән ашады десек, артық емес. Оқырман назарына көңілді көтеретін наурыз жайлы басқа да әндерді ұсынуды жөн көрдік.


"Наурыз-думан"

Орындаған: Р. Рымбаева
Әнін жазған: Т. Сарыбаев
Сөзін жазған: М. Мақатаев

Наурыз айы туғанда, 
Той болушы еді бұл маңда. 
Сақталушы еді сыбаға, 
Сапарға кеткен ұлдарға, 
Наурыз айы туғанда.

Наурыз, наурыз, күн игі! 
Күні игі жердің - түрі игі. 
Бауыры жылып науат-қар, 
Бабымен ғана жібиді. 
Шашылып ырыс шанақтан, 
Шақырып бір үй бір үйді, 
Шаттанушы еді бір игі.

Осынау игі кең жерге, 
Наурыз айы келгенде, 
Наурыз тойын бергенде, 
Көрмегендер де - арманда, 
Арманда - оны көрген де. 
Келіп ем өмір - орманға, 
Наурыз айы келгенде.

"Наурыз"

Орындаған: "Үркер" тобы
Әнін жазған: А. Сағатов
Сөзін жазған: Е. Жапақ

Жырымыздан жалын тарады
Жер бусанып жатты ұдай
Күн теңесіп түнмен қалады
Қалаған соны Құдай

Түркістан тасы еріді-ау көктем
Көзімнің жасы айхау, еркем
Наурыз, Наурыз
жылы жеткені, айхай
Сары май, тары, көже төгілді-ай
Ақтады жайлау. 

Наурыз, Наурыз,
жылы жеткені, айхай
Сары май тары көже төгілді-ай
Ақтады жайлау. 

Қарасаң алтын мейрам
Адамнан келді арай
Жер беті жасыл сайран
Сары дала ән мен шырай.

"Наурыз"

Орындаған: М. Сәдуақасова
Әнін жазған: М. Сәби
Сөзін жазған: М.Сәби

Көктем келіп, көңіл көркем етті,
Жылуымен жанды еркелетті,
Көптен күткен күн де келіп жетті ортамызға.
Күлімдеген мынау күннің нұры
Куә болып мейрамға бүгінгі
Келіп жетті бақыт сыйлап, міне, баршамызға.

Тамаша-думан,
Келді көктем жарқырап,
Қуанышқа толтырып,
Жайнатып әлемді.
Төгілсін жыр-ән,
Толсын көңіл шаттыққа,
Бөленейік бақытқа,
Бұл күнде бәріміз.

Жаңа өмір, жаңа күн бастауын
Нұрға бөлеп жер мен көк аспанды
Мерекелік мәңгі жыр дастаны басталады.
Қуанышты көңіл-күй әр үйде,
Жақсы тілек айтылып бәріне,
Осы күнді барша Қазақ елі қарсы алады.

"Наурыз"

Орындаған: «Назар» тобы
Әнін жазған: Ұ. Жамалбек
Сөзін жазған: С. Досбалатұлы

Наурыз айы келгенде, шуақ шашып жерлерге
Күн төгеді жабулығын
Еріп қары ақпанның, келіп сәні бақтардың
Тіл береді сұлулығы
Құстар қалқып төбемде, аққу қонып көлдерге
Сән береді әніменен
Сұлу самал жел есіп, күн мен түнім теңесіп
Таң атады күлімдеген

Ашылып аспан қабағы
Күліп күннің жанары
Қуаныш шаттық кернейді
Наурыз айы даланы
Асығып күткен мейманы
Наурыз бақыт мейрамы
Шырқалады наурызда
Қазағымның күй-әні

Аманаты бабамның, салт-дәсүрі анамның
Жеті тағы төрімізге
Тәй-тәй басып қадамың, келді міне жаңа күн
Бағын алып елімізге
Ақ дастархан жайылып, қымыз шұбат құйылып
Артады мол берекеміз
Жүректерге жыр тұнып, бүкпеленіп шым толып
Тойланады берекеміз.

"Наурыз"

Орындаған: Р. Уайыс
Әнін жазған: Ә. Салабеков
Сөзін жазған: Н. Семей

Құшағында көктемнің
Туған далам, бөктерім
Қандай ғажап күн сәулесін төккені
Наурыз келіп ән шырқалды көшесінде әр үйдің
Естіледі үні сәбидің, пәк сәбидің

Наурыз келгенде шаттық қонар кеудеге
Ажырайды жүректер өкпе менен шерден де
Наурыз келгенде шаттық қонар кеудеге
Наурыз күні не жетсін
Көппен думан көргенге
Көппен думан көргенге
Наурыз

Наурыздағы күн ерек
Жанға тәтті жыр керек
Ән күй менен көңіліміз гүлдемек
Қонағына төр ұсынған
Жайсаң мінез халқымның
Нұр жайласын дәйім әр күнін
Әрбір күнін

"Наурыз-көктем"

Орындаған: А. Жорабаева
Әнін жазған: Т. Молдағалиев
Сөзін жазған: М. Омаров

Келді көктемім
Гүлдер бүршігін жарып
Келді көктемім
Жаңа бір үміт алып  

Қуанып жасымызда кәрімізде
Саламыз шаттық әнге бәрімізде
Көктем ару келді
Наурыз  

Ағайын, құтты болсын Наурыз
Жадырасын жанымыз, жанымыз
Наурыз, құтты болсын ағайын
Алғысыңды алайын, алайын  

Жаңарып көне
Түрленді күллі дала
Көңілді жүрміз
Гүлденді әсем қала  

А. Жапатова