Джастин Бибер елі алдындағы ерен еңбегі үшін марапатталды

Джастин Бибер елі алдындағы ерен еңбегі үшін марапатталды

Канаданың премьер-министрі Стивен Харпер поп-әнші Джастин Биберді Канада алдындағы ерен еңбегі үшін медальмен марапаттады, деп хабарлайды TheHuffingtonPost.

Марапаттау салтанаты Бибердің Оттавадағы концертіне бірер сағат бұрын өтті. "Бүгін Джастин Биберге мерейтойлық медаль тапсырғаныма қуаныштымын", - деп премьер Twitter-дегі бетшесіне жазған екен. 

Тапсырылған медаль Елизавета ІІ ханымның 60 жылдығына орай соғылған. "Бриллиант мерейтой" (Diamond Jubilee) деп аталатын бұл марапат әртүрлі салаларда еңбек етіп келе жатқан, үлкен жетістікке жеткен азаматтарған немесе Канада қалаларын, ауылдарының дамуына үлес қосқан адамдарға табысталады. Сонымен қатар халықаралық ареналарда елдің атын асқақтатқан канадалықтарға беріледі. 

Осыдан біраз бұрын, 18 жасар Бибер беделді American Music Awards музыкалық марапатының жыл әртісі атағына ие болды. Поп-әнші сонымен қатар "Ең танымал поп/рок әнші" және "Ең танымал поп/рок альбом" деген марапаттарға ие болды. Талапкерлер сатылған альбомдары бойынша іріктелген болатын. Жеңімпаздарды халық дауыс берумен анықтады. 

Сурет: lifenews.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

A. Mustafina