Димаш Құдайберген "Азиядағы ең келбетті адам – 2019" рейтингіне енді

Димаш Құдайберген "Азиядағы ең келбетті адам – 2019" рейтингіне енді
Фото: Pinterest

"Азиядағы ең келбетті адам – 2019" рейтингінде қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген 8-орыннан көрінді. Бұл туралы TC Candler Facebook парақшасында хабарлады.

TC Candler Азияның ең тартымды, ең келбетті 100 тұлғасы енген жыл сайынғы тізімін жариялады. Тәуелсіз сарапшылар TC Candler халықаралық конкурсының "Азиядағы ең келбетті адам" аталымына қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді ұсынған еді. Олар Димаштың сыртқы келбеті мен дауысы керемет екенін айтып, "Әлемнің барлық тұрғыны, ұлттар мен ұлыстар оны ерекше жақсы көреді" деп баға берді.

Димаш Құдайберген өткен жылы жер бетіндегі ең сымбатты 100 адамның қатарына кірген еді.

А. Қажиев